Денсаулық сақтау министірлігі резидентураға арналған цифрлық платформа дайындауда

 

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыс білім беру ұйымдарындағы алғашқы оқу кезеңінен басталады.

1752676722958753.jpg

(Сурет:https://t.me/DenMinPR)

 

Негізгі бағыттардың бірі – резидентура бағдарламасы бойынша оқитын мамандарды даярлау мен бөлудің барлық кезеңін қамтитын бірыңғай цифрлық платформаны әзірлеу және сынақтан өткізу болып табылады.

 

Аталған жүйеге мыналар кіреді:

·         резидентураға қабылдау процесін автоматтандыру,

·         білім беру бағдарламаларын басқару,

·         жеке оқу жоспарларын қалыптастыру,

·         оқудың барысын бақылау,

·         дипломнан кейінгі сүйемелдеу және түлектердің мансап жолын қадағалау.

 

 

Бұл платформа дәрігерлерді даярлау процесінің ашықтығын, объективтілігін және сапасын қамтамасыз етеді, кадрлық жоспарлаудың тиімділігін арттырады әрі мамандарды ел бойынша тең бөлуді жеңілдетеді.

 

Аймақтарға мамандар тарту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізілді.

 

Сондай-ақ, мамандарды аймақтарға тарту үшін мемлекеттік грант негізінде оқыған түлектер тапсырыс берілген аймақта міндетті еңбек тәжірибесі мен жұмысты өтеуі тиіс.

 

«Биылғы жылы резидентураға арналған 2500 гранттың барлығы аймақтардың өтінімдері мен қажеттіліктеріне сәйкес бөлінді», – деп атап өтті министрлік.

 

Кадрларды сертификаттау жүйесі де дамып келеді. 49,5 мыңнан астам маманға біліктілік деңгейі берілген жаңартылған рәсімнен өтті.

 

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің денсаулық сақтау саласында шамамен 275 мың маман жұмыс істейді. Олардың 83 мыңнан астамы – дәрігер, ал 191 мыңға жуығы – орта медициналық қызметкерлер.

 

Соған қарамастан, кадр тапшылығы сақталып отыр: 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3986 дәрігер және 4230 орта буын маманы жетіспейді.

 

Дегенмен, 2023 жылмен салыстырғанда оң динамика байқалады: дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі 13%-ға азайған. Елдегі медициналық кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейі ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен жоғары.

 

Тар бейінді балалар мамандарының тапшылығын азайтатын тағы бір шешім – резидентурада 14 жаңа мамандықтың пайда болуы. Олардың қатарында: балалар кардиологиясы, эндокринология, гастроэнтерология, жақ-бет хирургиясы және басқалар бар.

 

Кадрлық әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және мамандарды мақсатты қолдау бойынша жүйелі қадамдар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға жағдай жасайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар