Қазақстанда 2024-2025 оқу жылы аяқталуда: 3,9 млн-нан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды

ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және оған байланысты жоспарланған іс-шаралар туралы айтты.


b26193614a169a844ec9984d8301017b_1280x720.jpeg

 

Оқу жылын «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағатымен қорытындылау жоспарлануда.

11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шараны әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 23-24 мамырда өткізу ұсынылады.

 

Аттестаттарды тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді. 9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр-16 маусымға жоспарланған.

 

Биылғы жылы 11-сыныпты 217 мың түлек аяқтайды, сондай-ақ 9-сынып бітіретін 364 мың оқушы мектепте оқуды жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайды.


Mezgil.kz

 

 

 



Ұқсас тақырыптар