Су тасқыны: Апта соңына дейін барлық шығын есептеледі

Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1716884787517182.jpg

«Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек», - деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар