Президент құтқарушыларға алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен медицина мамандарына алғыс айтты.

1707733440642399.jpg

«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті», - деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар