​«Эйр Астана» ұшақтарын шетелде тіркеп, салықтан жалтарып жүр ме?

«Эйр Астана» ұшақтарын шетелде тіркеп салықтан жалтарып жүр ме? Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Асқар Садықов жариялады. 

1706086650541906.jpg

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

Кез келген мемлекеттің экономикалық дамуын жалпы ішкі өнімімен анықтауға болатыны белгілі. Жалпы ішкі өнім – ел аумағында бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын көрсететін макроэкономикалық көрсеткіш. Яғни оның көлемі жоғары болса, мемлекеттің экономикасы қуатты болады. Егер жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі жоғары болса, онда ол мемлекеттегі өмір сапасы да жоғары деген сөз.

Дәл қазіргі уақытта экономикамызды дамыту үшін бізге отандық өндіріске аса көңіл бөлу керек. Тіпті өзімізде шығарылатын, дәрі-дәрмек, киім-кешек, аяқ киім, мата т.с.с. өнеркәсіптерді стратегиялық объектілер қатарына жатқызуға болады.

Біздегі қымбатшылық немен байланысты? Елімізде өнім өнбейді, тіс шұқитын таяқшадан бастап автокөлікке дейін шетелден келіп жатыр, ал ақшамыз шетелге кетіп жатыр. Еліміздегі девальвацияның болмауына, ақшаның құнсызданбауына жол бермей тұрған, ол қазіргі аз ғана қалған отандық өнім. Отандық өнім шықпаса біздің стратегиялық нысандар шетелге тәуелді болады.

Өңірлерді аралау барысында, шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнімді шығаратын өнеркәсіп салаларында болдық. Олардың көбісі жарты ғасырдан аса жұмыс жасап келеді, кейбіріне тіпті бір ғасырға жуық уақыт болып қалған. Дәл қазір отандық өнеркәісппен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе, жақын арада жабылып қалу қауіпі бар. Неге десеңіз, ол жерлерде жас мамандар жоқ, басым көпшілігі 50-60 тан асқан үлкен кісілер, жалақы 130 мың мен 200 мың арасында, жүмыс уақыты күніне 12 сағат, жалақылары өткізілген өнімге байланысты болып тұр. Мысалға, қант зауыты қантты өткізе алмай отыр, себеп: Ресейден арзан қант алып кіруде. Мақтаны өңдеп, мата шығарып, әр түрлі тапсырыспен үлкен объемда постель, киім және басқаларын жасай алатын зауыт матасын өткізе алмай отыр, өйткені, қытайдан арзан сапасы жоқ маталар кіргізіліп жатыр. Тері өңдеп, содан жылына 1 млн пар аяқ-киімге дейін шығара алатын зауыт биыл тек қана 25 пайызға жұмыс жасап тұр. Себебі: Өзбекстаннан 5 млн, Қытайдан 6-7 млн пар аяқ-киім кіргізілген. Бұл тек қана ресми деректер бойынша. Ал бейресми кіргізілгені қаншама.

Қазақта сөз бар ғой ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді. Сондықтан, қазірден бастап біз отандық өнімді сақтап қалатын жолын қарастыруымыз керек.

Осыған байланысты Ақ жол демократиялық партиясы келесіні ұсынады:

Мемлекеттік сатып алудағы отандық өндірістің үлесін кемінде 60 пайызға көтеру.

Шикізаттан бастап дайын өнімді шығаратындарға басымдылық беру.

Әлеуметтік және мемлекеттік нысандарға отандық өнімді қолдануға талап қою.

Кәсіпорындардағы кадр тапшылығын жою мақсатында, еліміздің колледждерінде кәсіпорын базасында кәсіптік техникалық училище ашуды қарастыру.

Шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квоталарды ұлғайту.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары:

Е.Бейсенбаев,

А.Перуашев,

Д.Еспаева,

Қ.Иса,

Е.Барлыбаев,

А.Садықов.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар