Астанада есімдері елге танылған еркін күрес шеберлері Нұрлан Бекжанов пен Азамат Өміржанов Елордалық жас спортшылармен кездесіп, жаттығу өткізді.
Ерекше форматтағы жаттығуға 40-қа жуық жас спортшы келіп қатысты. Олар ел мақтаныштарымен бірге спорттық жаттығу өткізіп, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Жаттығу барысында еркін күрестен әлем чемпионатының жеңімпазы, балуан, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Нұрлан Бекжанов жас спортшыларға көпжылдық тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, шеберлік сағаты кезінде еркін күрес шебері, аға-жаттықтырушы Азамат Өміржанов Елордалық жас спортшыларға дұрыс жаттығу, салмақты ұстау, тамақтану ережелерін айтып, алдағы жылдың жоспарларымен бөлісті.
Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта осындай үлгідегі жиындары тұрақты өткізуді жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Астана қаласы Дене шынықтыру мен бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөліп келеді. Ал еліміздің бас қаласы шын мәнінде елішілік спорттық шаралардың ғана емес, Халықаралық байрақты бәсекелердің драйверіне айналып келеді.
Mezgil.kz