ҚЭҚ: "Көмір өндіруді азайту қаупі энергетика саласына кері әсерін тигізуі мүмкін"

Қазақстандық Электр энергетикалық Қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов жұмыс сапары аясында Екібастұз қаласының ЖЭО жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.


photo1682592863 (2).jpeg


«Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ төрағасы Бағдад Оралдың айтуынша, Екібастұз ЖЭО жаңғыртуға шамамен 14 млрд теңге қажет болады. Жоспарға сәйкес 5 қазандықты тапсыру биыл қазан айында өтеді. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін білікті мамандар қажет. Жөндеу жұмыстарының белсенді кезеңінде 350-ге жуық адамды тарту жоспарланып отыр.


Қазіргі кезде ЖЭО қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі пысықталып жатыр. 2022 жылдың желтоқсанында қабылданған заң мамандардың жалақысын түзетіп, салаға жаңа әрі жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді.


photo1682592863.jpeg


«Жылу және электр станцияларының тұрақты жұмысының кепілі – қатты отынмен қамтамасыз ететін көмір өндіруші компаниялар. Өткен жылыту маусымында кәсіпорындар өз қоймаларында отынның қажетті деңгейінің төмендеуіне тап болды», - дейді «Қазақстандық Электр энергетикасы Қауымдастығының» төрағасы Талғат Темірханов.

Бүгінде көмір өнеркәсібі кәсіпорындары 75%-ға дейін жететін тау-кен техникасының жоғары тозу проблемасына тап болып отыр. Оны шешу үшін техника мен жабдықтар паркін жаңарту қажет. Бұл өз кезегінде тоқтап қалу уақытын минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жөндеу науқаны алдағы жұмысқа оң әсер етеді. Тек оны іске қосу үшін бөлшектер қажет.


photo1682592863 (1).jpeg


Компоненттерді сатып алуға шектеулерге байланысты жеткізуші компаниялар қазіргі кезде ресейлік өндіріс техникасына қосалқы бөлшектер бере алмайды. Қосалқы бөлшектерді уақтылы жеткізбеу көмір өндірудің жоспарланған көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл келесі жылыту маусымына дейін қатты отын бағасының өсуіне себеп болуы мүмкін. Осы тұста энергетика саласында сатып алынатын техниканың 80%-ы Ресейде өндірілетінін айта кетейік.


Сондай-ақ кәсіпорындарда кадрлардың ауысуы мәселесі бар, ол 18%-ға жетті.


«Мамандардың кетуі моно-қалалар үшін өзекті мәселе. Қызметкерлерді тарту тек компанияларға ғана емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға да байланысты. Қалаларды дамыту бойынша бағдарламаларды қайта жандандырған жөн, - деп есептейді «Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығының» төрағасы Талғат Темірханов.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар