Алматы студенттер үшін әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енді

WhatsApp Image 2021-11-12 at 11.31.45.jpeg


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында британдық консалтингтік компания жүргізген рейтинг нәтижелері туралы жазды, деп хабарлайды Mezgil.kz.

  

«Studee британдық консалтинг компаниясының дерегінше, Алматы студенттерге арналған әлемдегі ең үздік 100 қаланың бірі. Өмір сүру, тұрғын үйді жалға алу құны, интернет жылдамдығы, халықаралық рейтингке енетін жоғары оқу орындар саны сынды критерийлер бойынша Алматы 76-шы орында», - деп жазды Б. Сағынтаев.

 

Деректерді талдау барысында Studee компаниясының зерттеушілері қалада тұратын 15 пен 24 жасқа дейінгі жастардың жалпы санын, тамақ өнімдерінің сапасын, сондай-ақ қауіпсіздік пен сөз бостандығы деңгейін ескерді.

 

Токио, Мельбурн, Сеул, Квебек және Аделаида сияқты әлемдік қалалар халықаралық рейтингтің көшбасшысы болды. Бұл ретте, Алматы Варшаваны басып озып, бірден Нью-Йорктен кейін орналасты.

 

Айта кетерлігі, Мәскеу бұл рейтингте 84-ші орында, ал Петербург 98-ші орында.



Ұқсас тақырыптар