Антисептик өндірген Назира

Қадыр Назира Қанатқызы – Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы. Шығыс Қазақстанда өсетін шалфей, сарымсақ, хрен мен қырмызыгүл сынды төрт түрлі дәрілік өсімдіктерден антисептик ойлап тапқан. Антисептик дегеніміз – науқастың ағзасындағы микробтар мен бактерияларды құртуға арналған өнімдер. Жобасы Республикалық және Халықаралық байқаулардан топ жарып жүрген Назираны әңгімеге тарттық.

2.JPG

Антисептик

- Антисептик дегеніміз не? Жобаңызға сипаттама бере кетсеңіз.

- Антисептика мкробтарды өлтіру немесе олардың тіршілігін әлсіретуге атсалысатын бөлім. Антисептиктің төрт түрі бар. Олар – механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық. Менің жасаған өнімім биология бөліміне жатады. Мен Шығыс Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерден құрамында химиялық заттары аз, биологиялық антисептик жасауды мақсат еттім. Нақтырақ айтсақ, хлоргиксидин, треклазан сияқты химиялық қоспалардың болмауынсыз өсімдіктер өндіретін питонциттер арқасында өте қолайлы өнімді өндіргенді жөн санадым.

3.JPG

Біздің өнім

- Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктердің негізінде қандай антисептиктер жасадыңыз? Қарапайым қолданып жүрген антисептиктерден несімен ерекшеленеді?

- Қазіргі уақытта шалфей, сарымсақ, хрен және қырмызыгүлден антисептик дайындадым. Ол осы уақытқа дейін жасалған өнімдерден басты ерекшелігі үй жағдайында жасауға мүмкіндік бар. Оған қоса, қаржылық жағынан өте қолайлы. Бұрын антисептиктің кішкентай құтысын 450 теңгеге алар болсаңыз, біздің 1 литр антисептигіміз небәрі 600 теңге шамасында болмақ.

4.JPG

Жазғы мектеп шабыттандырды

- Кез келген оқушы микробтар мен бактерияларға қарсы өнім шығара алмайды? Сізге идея қайдан келді? Жүзеге асыру үшін не істедіңіз?

- Жыл сайын бізде жазғы мектеп өз жұмысын атқарып, білімге құштар жандарға бағыт-бағдар береді. Әсіресе биотехнология курстары маған қатты әсер ететін. Сондай бір сабақтың үстінде отырғанда өсімдіктер де химиялық компонент өндіреді. Оған қоса, олардың жасанды препараттарға қарағанда зияны аз. Жобаны 9 сыныпта қолға алып, 11 сыныпта аяқтадым. Екі жылдың ішінде антисептик алудың барлық жағдайларын қарастырып, ауқымды зерттеу жасап, үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізуге тура келді. Жұмыс барысында техникалық қателіктер де орын алатын кездер болады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектену керек.

5.JPG

Химиялық құрамын ауыстыруға болады

- Дайын болған өнімдеріңіз тағы қандай қызмет атқарады?

- Дәріханада сатылатын химиялық антсептиктің орнына биологиялық таза өнімді қолдану арқылы бактериямен байланысты ауырулары емдеуге болады. Оның исі иммунитетті көтеріп, ауыруға төтеп беруге көмектеседі. Болашақта жобаны жетілдіріп жатсам, йод, полибиен сияқты қазіргі таңда қоданылып жатқан антибиотиктер мен антисептиктердің химиялық құрамын осы өсімдіктерден алған фитоництердің көмегімен ауыстырсақ болады.

1.JPG

Қиындығы да, қызығы да көп болды

- Зерттеу жұмыстарын қалай жүргіздіңіздер? Жұмыс барысында нендей қиындықтар туды?

- Халықаралық стандарттар бойынша біздің жобамызды адамдарға тексеруге болмайтын болды. Сондықтан біз зертханалық жағдайда арнайы бактериялар өсіп шығарып антисептигімізді сол жерде сынақтан өткіздік. Бағымызға орай тексеру жұмыстары ойдағыдай өтті. Қазіргі таңда біз антисептиктерді нарыққа шығару жолын қарастыпы жатырмыз. Мүмкіндік болатын жағдай болса, көп ұзамай кез келген адам осы өнімді тұтына алады. Жобаны қолданысқа енгізуге көп қаражаттың қажеті жоқ. Спонсор табылып жатса, алдағы уақытта антисептигімді дәріханаларда биологиялық өнім ретінде сатуға болады.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар