Түйе сүтінен йогурт жасаған Айдана

1.jpeg

Есенова Айдана Болатқызы – Алматы Технологиялық университетінің PhD докторанты. Түйе сүтінен жаңа өнім алып, сапа және қауіпсіздік көрсеткішіне сай дайындап шығарған. «Төрт түліктің бұл түрінен жасаған йогурт сусынын мемлекеттік деңгейде ғана емес, халықаралық дәрежедегі нарыққа енгізгім келеді», – дейді ол. Айдана Есенова өзінің жобасы жайлы айтып берді.

«Мінсең – көлік, ішсең – сусын»

Түйе сүтінен жаңа өнім жасау негізінен 2014 жылы магистратураға түскеннен бастап жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда ондай өнімдер үлкен сұранысқа ие екенін атап өткен жөн. Төрт түліктің төресін дана халқымыз «Мінсең - көлік, жесең - ет, ішсең - дәмді сүт» деп пайдаланып келеді. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде негізгі азық-түлік өнімі болып табылады. Дүниежүзі бойынша бұл жануар 48 мемлекетте өсіріледі. Соның ішінде Қазақстан бір өркешті, екі өркешті түйелерді көйбейтіп, олардан гибридтер алатын жалғызмемлекет.

Бұл өнімділігі жоғары мал шаруашылығы болып табылады. Қолдану ұзақтығы 20-25 жылға дейін жетеді. Жылына бір түйеден - 800-1700 кг сүт, 220 кг-ға дейін ет, 5 кг-нан аса жүн алуға болады.

Статистика сөйлейді

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта төрт түліктің бұл түрінің саны күннен-күнге өсуде.

граф 1.jpg

Түйе сүтінің құрамы

Түйе сүті – адам ағзасына қажетті жануар текті  ақуыз бен майдың маңызды көзі болып табылады. Оның сауылу мерзімі 16-18 айға дейін созылады. Жылына екі өркештілері 800-900 л, ал бір өркештілері 2000 л-ге дейін сүт береу мүміндігі бар. Сүт құрамында бірқатар маңызды микроэлементтер- кальций, цинк, кобальт, калий, темір, фосфор сонымен қатар  А, С және В тобының дәрумендері кездеседі. Жалпы алғанда сүті адам иммунитеті мен денсаулығын  күшейтеді. Сиырмен салыстырғанда темір мен С витаминінің мөлшері10 есеге көп, майлылығы жоғары және қанықпаған май қышықылына бай. Физикалық және химиялық көрсеткіштері бойынша альбуминді болып табылады және ана сүтіне ең жақын болып саналады. Түйе сүті құнарлығы жоғары және тұтыну үшін қауіпсіз өнім. Ақуызындаиммуноглобулин басым, адам организмін патогенді бактериялардан және вирустардан қорғайтын, антиоксиданттарға, антиканцерогенді, иммунитетті қалпына келтіретін заттарға бай,  лактоферрин мөлшері жоғары.  

2.jpeg

Медицина мен формацияда ерекше орын алады

Медицинада түйе сүті онкологиялық аурулардың алдын алудың керемет құралы болып саналады, өйткені ол денедегі канцерогенді қосылыстарды жоюға әсер етеді. Сондай-ақ дәрігерлер оны асқазан-ішек ауруларын, бауырды, ұйқы безін емдеуде қолдануды ұсынады. Түйе сүтін Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында орналасқан фермерлік шаруашылықтардан алынды. 

Стандарттарға сай өнім

Басты ерекшелігі йогурт сусыны ешқандай қоспасыз табиғи түйе сүтінен жасалған. Дайындау технологиясы қиын емес. Қолданушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қолдануға рұқсат етілген. Қазіргі уақытта бұл өнімге патентке өтініш білдірдік. Қазіргі уақытта сол бойынша жұмыс жасап жатырмын. Сапа көрсеткіштері стандарттарға сай әзірленеді.

3.jpeg

Еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейін...

Кесте 1 – 100  г. түйе сүтінен жасалған йогурт сусынының физико-химиялық көрсеткішіші төмендегідей.

граф 2.jpg

Өнімнің тағамдық құндылығы жоғары, ал энергетикалық құндылығы төмен. Қазір бұл жұмыс жалғасуда, алдағы уақытта басқа да өнімдер алу жолдарын қарастырудамын.

Халықаралық деңгейге шығарғым келеді

Жалпы мақсат қазіргі уақытта елімізде түйе сүтін өндіру жұмыстары қолға алынуда. Сондықтан бұл жұмыстарды дамыта отырып, түйе сүтін мемлекет деңгейінде ғана емес, халықаралық деңгейде «Made in Kazakhstan» бренді ретінде дамытып нарыққа шығару. Оған қоса, түйе сүтінен негізінен шұбат, саумал,  балқаймақ жасалуда.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар