Әр үшінші еркек майданда өлген: Соғыс Ресейдің шалғай өңірлерін қынадай қырып жатыр...

2026 жылдың қараша айында хакерлік топтар Ресейдің мемлекеттік статистика жүйесін ("Росстат") бұзып кіріп, Украинаға қарсы соғыста қаза тапқан ресейлік әскерилердің саны 400 мың адамға жеткенін, тіпті одан асып жығылғанын дәлелдейтін құпия деректерді қолға түсірген еді. 

1794342911648910.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

РЕСЕЙДІҢ МӘЖБҮРЛІ МОЙЫНДАУЫ...

Бұл сұрапыл шабуылды - Беларустің оппозициялық позициядағы "Cyber Partisans" (Киберпартизандар) дейдін хакерлік тобы мен Украинаның "Silent Crow" дейтін хакерлік тобы бірлесіп жүзеге асырды. Ұзыр-ырғасы 23 террабайт болатын құжаттарды "Росстат" базасында сақталған АХАТ (ЗАГС) органдарының деректер базасы мен 11 миллионнан астам жазба деректі қолға түсірген.

Осы құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеген "Cyber Partisans" тобы: "Ресейдің құзырлы органдары 2022 жылдың 24 ақпаны мен 2026 жылдың тамыз айының соңы аралығында шамамен 392 700 – 393 881 сарбаздың қаза тапқаны туралы ресми анықтама берілген", - деп мәлімдеді.

Ал "Silent Crow" тобының есебі сәл өзгешелеу. Бұл топ: "2022 жылдың ақпанынан күні-бүгінге дейін Ресей ұрыс даласында 410 000-нан 450 100-ге дейін адамын жоғалтқан", - деп есептейді. Бұл топ қаза тапқандар тізіміне - соғысқа қатыспай қаза тапқандардың, оккупацияланған аумақтардағы өлім-жітім жағдайлары мен өлімнің нақты себебі бірден анықталмаған жағдайлар да қоса есептеген.

Ресей не дейді?

Ресейлік "Росстат" өкілдері 2026 жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өздерінің инфрақұрылымына кибершабуылдар жасалғанын ресми түрде растады, бірақ құпия ақпараттың таралып кетпеген алға тартады.

СОҒЫСТЫҢ СҰРАПЫЛ САНДАРЫ: ҚЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ХАЛЫҚТАР

"Cyber Partisans" және "Silent Crow" дейтін хакерлік топтар өз деректерін жариялаған соң, әйдік "Bloomberg" басылымы Кремльдің имперлік соғысы Ресейдің қай өңірлерді көбірек жалмағанын зерттеп, жазыпты...

Мәліметтерге қарағанда, соғыс Ресейдің шалғай өңірлерінің тұрғындарын қынадай қырып жатыр.

Адамдарын соғыс ең көп жалмаған аймақтар - Бурятия, Тыва және Забайкальск өлкесі екен. Бұл аймақтарда 18 бен 50 жас арасындағы әрбір үшінші ер адам майданда қаза тапқан.

Ал Мәскеу мен Петерборда соғыста қаза тапқандар саны аз, бар болғаны 10 пайызды құрайды. Айырмашылық жер мен көктей. Сарапшылар: "Бұл - жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тікелей байланысты", - дейді.

Статистикаға көз салсақ, қазір соғыс неғұрлым ұзарған сайын майданға жастар ғана емес, ересектер де көптеп жөнелтілуде. Мысалы, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 50-59 жастағы 146 ер адам соғыста өлсе, 2025 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 12,6 мыңнан асып жығылған. Ал 18-29 жас аралығындағы жігіттер үшін соғыс — өлімнің басты себебіне айналып отыр (осы жастағы барлық өлімнің шамамен 3/2 бөлігі).

ЗЕЛЕНСКИЙ: ПУТИН ДОНБАССҚА ТОЙМАЙДЫ...

Қазір АҚШ-тың арағайындық жасауымен, Абу-Дабиде Украина-АҚШ-Ресей арасында үшжақты келіссөздер қайта жанданды. Онда талқыланатын басты мәселе - Донбасс тағдыры мен Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдігі болып отыр.

Ал Украина президенті Зеленский: "Путин тоқтайды дегенге ешкім сенбейді. Ол сәл үзілістен соң қайта шабуылдайды", - дейді.

Мысалы, соғыс бастар алдында Путин Донбасс туралы айтқанымен, кейін Киевті оккупациялауды ұйғарды. Ол орыстілді халықты қорғап жатқанын үнемі қайталап келді, алайда ресейліктер Бучада және басқа да елді мекендерде жүздеген, мыңдаған адамды аяусыз қырды.

"Бізден ядролық қаруды тартып алды. Мен ядролық қаруды қолдамаймын. Әлем онсыз да жақсырақ болар еді деп ойлаймын. Бұған қарамастан, ресейліктер біздің ядролық қаруымызды тартып алды, солай емес пе? Тартып алды. Одан кейін олар біздің Еуропамен интеграциямызды тоқтатты, сосын НАТО-ға өтуімізге мүмкіндік бермеді. Ал соңында жерімізді басып алды. Міне, сондықтан бұл — абстрактілі мәселе. Егер біз Донбассты қалдырсақ, Путин тоқтайды дегенге ешкім сенбейді. Кейін бір, екі немесе бес жылдан соң қайта соғыс бастайды. Сонда бұған кім кінәлі болады?" - деді Зеленский.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар