Жұлдыз жорамал: 2024 жылы сізді не күтіп тұр?

2024 жыл кісібе жылы болғандықтан, жұлдызнамашылар сыны да, сыйы да көп жыл болатынын айтуда. Жұлдыз жорамалға сену немесе мүлде елемеу әр адамның еркіндегі дүние. Сонымен, 2024 жылы сізді не күтіп тұр?


Овен: даты знака зодиака, характеристика и совместимость

 

ТОҚТЫ (21.03 – 19.04)

 

2024 жылы сөз үшін маңызды кездесулер мен жаңа таныстықтар уақыты болмақ. Жыл басы сіз күтпеген оқиғаларға толы болмақ. Сіз жаңа тәжірибе жинайсыз, кейде ащы өмірлік сабақ та алуыңыз мүмкін. Ең бастысы өзіңіздің бастамаларыңыздан бас тартпасаңыз, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізесіз. Жеке өміріңізде де күтпеген өзгерістер болады. Жаңа таныстық романтикалық кездесуге, ал ол өз кезегінде ыстық сезімге ұласып жатуы да ғажап емес. Ең бастысы эмоцияға берілмей, шешімді салқынқанды қабылдауды ұмытпаңыз. Жылдың екінші жартысында сіз жеке ісіңізге көбірек мән бергеніңіз дұрыс. Алайда шешімдерді салмақты негізде қабылдау керектігін жадыңыздан шығармаңыз. Қаржылық табыс деңгейі тұрақты болмақ, ал денсаулыққа көбірек көңіл бөлуге тура келеді.


Телец — знак зодиака: дата, характеристика, совместимость

 

ТОРПАҚ  (20.04 — 20.05)

 

2024 жыл сіз үшін сәттілік жылы. Мүмкіндіктер есігі көп ашылады, бастысы оларды дер кезінде аңғарып, кіре білу маңызды. Жеке кәсіп пен жұмыста сіз үшін табысты уақыт келе жатыр. Жылдың алғашқы жартысында сіз еңбек пен қажырлық танытсаңыз, оң нәтижеге қол жеткізесіз. Жылдың алғашқы жартысы ескі қателіктерді түзеу, үзілген байланыстарды қалпына келтіру үшін де тиімді сәт болады. Бұл жылы жеке өміріңізде сынақ сәті түсіп тұр. Маңызды шешім қабылдау сәті туады, ол не отбасын құру немесе керісінше байланысты үзуге қатысты болмақ. Қабылданған шешім сіздің өміріңізге үлкен өзгеріс әкеледі, сол себепті маңызды шешімді қабылдамас бұрын нақты ойлану қажет. Ал мамандық бойынша біліктілігіңізді арттыруға ұсыныстар түссе, бас тартпаңыз.


Близнецы: даты, характеристика, совместимость знака зодиака

 

ЕГІЗДЕР (21.05 – 20.06)

 

2024 жыл сіз үшін сынақ жылы. Жылдың алғашқы жартысы күтпеген ақпараттарға толы болады. Жеке өміріңізде түрлі деректер пайда болып, қарым-қатынастың суу мүмкін. Сүйіктіңізбен жеке қатынасты байсалды іске асыруға тырысыңыз, алайда намыс пен өзіңізге деген құрметті ұмыт қалдырмаңыз. Жылдың алғашқы жартысында жеке кәсіп бастау жоспары болса, оны сәл кейінге қалдырғаныңыз абзал. Қазіргі жұмысыңызда біраз қиындық болып, түсініспеушіліктер артуы ықтимал. Тамыз айынан бастап жеке өміріңізде жылулық пайда болмақ, ал күз жеке кәсіпті ашуға таптырмас уақыт. Егер шетелге шығып, қоныс аудару жоспары болса, іске асыруға қазан-қараша айлары сәтті болады.


Знак зодиака Рак: дата, характеристика и совместимость

 

ШАЯН (21.06 – 22.07)

 

2024 жыл сіз үшін мүмкіндіктер уақыты. Жеке кәсіп, жұмыс немесе шығармашылықпен айналысуға сан түрлі мүмкіндік туады. Ірі инвестициялар салу мен көлемді сатып алуларды іске асыру уақыты да дәл биыл сәтті болмақ. Наурыз-сәуір айларында күтпеген өзгерістер болуы ықтимал. О баста сіз сәтсіздік деп санаған өзгерістер, жыл соңында мүмкіндік екенін түсінесіз. 2024 жылы отбасылық қатынаста жағымды жаңалықтар көп болмақ. Үйлену, тұрмысқа шығу немесе өмірге сәбидің келуіне куә боласыз. Жұмыстағы мансаптық өсу жылдың екінші жартысында басталады. Сол себепті сіз жыл басындағы қажырлы еңбектің жемісін жылдың екінші жартысында жей бастайсыз. Бастысы мүмкіндіктер жылында мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.


Изображение знака зодиака Лев

 

АРЫСТАН (23.07 – 22.08)

 

2024 жылды ескі жоспарларыңызды қайталаудан бастаңыз, өзіңізді түсінуге тырысыңыз және шын мәнінде неге қол жеткізгіңіз келетінін түсінуге тырысыңыз. Сізде басымдықтарды белгілеуге жеткілікті уақыт болады. Кейбір жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін бұрын қойылған мақсаттардан бас тартуыңыз мүмкін. Бастамалар үшін қолайлы кезең ақпан айында басталып, жаздың соңына дейін жалғасады. Бұл әсіресе жұмысқа және бизнеске қатысты мәселелерді шешуге және жаңа серіктестер табуға өте қолайлы сәт болмақ. Сіз өзіңіздің қызмет салаңызды өзгертуіңіз мүмкін. Жылдың бірінші жартысында жеке өмір уақытша артта қалуы мүмкін, өйткені жұмыс әлдеқайда маңызды болады. Сүйіктіңізбен қарым-қатынас біршама әлсіреп, салқындап кетуі ғажап емес. Бұрынғы жетістіктерді жоғалтып алу қаупі туындауы да ғажап емес. Ондай сәтте дер кезінде шара қабылдаңыз. 2024 жылы барлық даулы мәселелерді толығымен шешу мүмкін емес, сол себепті 2025 жылға кей мәселе шешілмеген күйі өтіп кетпек. Ал күзде романтикалық қарым-қатынас қайта басталуы мүмкін, ол соншалықты тез дамитындықтан, жылдың соңына қарай сіз неке туралы ойлануыңыз да ғажап емес.


Знак зодиака Дева: даты, характер и совместимость

 

БИКЕШ (23.08 — 22.09)

 

2023 жылдың екінші жартысында басталған қолайлы өзгерістер 2024 жылы да жалғасады. Ол қажырлы еңбек пен инвестициямен ерекшеленетін болады. Жылдың басында университетке түсу, академиялық дәрежені қорғау немесе жай саяхаттау сияқты көкжиек кеңістігін кеңейтуге бағытталған тамаша мүмкіндіктерге ие боласыз. Шетелдік компаниялармен өзара әрекеттесуде табысқа жету мүмкіндігі артады. Ұзақ уақыт бойы бірдеңе үйрену немесе жаңа мамандық алу туралы ойлап жүрсеңіз, нақты әрекеттерге көшіңіз. Сіз алғашқы жетістіктеріңізге тез арада қол жеткізесіз. Бірінші жартыжылдық еңбекке, кәсіби біліктілікті арттыруға және өзін-өзі жетілдіруге қолайлы болады. Көктемде бикештердің қаржылық мүмкіндіктері жақсы болады, серіктестер мен клиенттермен байланыс көп пайда әкеледі. Жыл ортасы біршама қиын болмақ. Сіз елеулі қателіктер жіберіп алуыңыз мүмкін. Берілген уәделерге көп сенім артпаңыз. Шешім сәтінде жүрекке емес, миға жүгініңіз. Жеке өмірде жақын уақытта басталған күрделі процестер жалғасады. Ажырасу, қатынастың суып кетуі мүмкін. Сол себепті жеке өмірдегі өзгерістерге мән беріңіз.


Весы: даты знака зодиака, совместимость с другими и характеристика

 

ТАРАЗЫ (23.09 – 22.10)

 

Сіздің өміріңіздің белгілі бір кезеңі аяқталып жатқаны анық. 2024 жыл өткеннен болашаққа көшу және бұл оңай болмауы мүмкін. Дегенмен, сіз дұрыс жолдасыз және бәрі сіз үшін қолайлы болмақ. Биылғы жылдың басы жеке үйіңізге қатысты ақпараттармақ толықпақ. Күрделі жөндеу, құрылыс, жаңа үй, пәтер, коттедж сатып алуыңыз мүмкін. Шетелге көшуіңіз де мүмкін, алайда жұлдызнама басқа елге көшуді жоспарлаған немесе көшуге мәжбүр болатын кез келген адамға шетелдік заңдарды мұқият оқып шығуды ұсынады. Сол жағын есіңізден шығармаңыз. Егер сіз бұрыннан жаңа идеяны жүзеге асырғыңыз келіп жүрсе, жазда нақты қадам жасаңыз. Сонымен бірге жаз романтикалық қарым-қатынастар тұрғысынан да қолайлы болмақ. Жылдың соңында ескі байланыстарды нығайтуға да, жаңа қарым-қатынастарды бастауға да қолайлы сәт туады. Биыл денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліп, зиянды әдеттерден түбегейлі бас тартуыңыз қажет.

 

Знак Скорпион: даты, характеристика, совместимость с другими


САРЫШАЯН (23.10 — 21.11)

 

Алдағы жыл сарышаяндар үшін жаңа жоспарлар мен жобалар әкеледі, бірақ сонымен бірге ол көптеген адамдарды өз өміріне қайта қарауға мәжбүр етеді. Сіз не маңызды және не артық екенін түсініп, сараптама жасайсыз, өзіңізге есеп беретін боласіз. Жыл басында көп жұмыс істеуге тура келеді. Тіпті әдеттегі жұмыс әдеттегіден қиынырақ болып көрінуі де мүмкін. Жеке кәсібіңіз болса бәсекелестік күшейіп, қарсыластарыңыз адал емес әдістерге баруы мүмкін. Бұл уақытта серіктестеріңізді мұқият таңдау және сіздің сеніміңізге ие болуға тырысатындардың барлығына сенбеу өте маңызды. Уақыт өте келе оң үрдістердің әсері артып, жылдың ортасы қолайлы болады. Сіз бұрын туындаған мәселелерді қалай шешуге болатынын түсінесіз, қол жеткізгіңіз келетін мақсаттар орындала бастайды. Іс сапарлар саны артады. Сіздің әлеуметтік ортаңыз айтарлықтай өзгереді. Жаңа таныстық саны артып, достарыңыздың қатары көбейе түседі. Жылдың соңында сізде уайымбасым болмақ. Барлық салаларда өзгерістер болуы мүмкін. Сіз көшуді жоспарлап, жаңа жұмыс іздеуді немесе үйленуге шешім қабылдауды бастауыңыз мүмкін. Ал жеке өміріңіздегі өзгерістер тамызда басталып желтоқсанда аяқталады. Сіз не отбасын құрасыз, не қатынасты толық үзу шешімін қабылдайсыз.


Стрелец: даты знака зодиака, совместимость с другими и характеристика

 

МЕРГЕН (22.11 – 21.12)

 

Бірінші жартыжылдықта оң үрдістердің әсері басым болады. Сіз өзіңіздің жұмысыңызда немесе бизнесіңізде жетістікке жете аласыз. Әрине ол үшін мақсат пен тиімді шешімді үйлестіре білуіңіз қажет. Өзіңізді мүлдем жаңа салада сынап көру мүмкіндігі болады. Ол мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Кәсіпкерлер мен менеджерлер өз кәсіпорнын жаңа деңгейге шығаратын маңызды келісімшарттардың жасалуын іске асыра алады. Жалдамалы жұмыс істейтіндер де кәсіби ұстанымдарын нығайтады. Кәсіби сәттіліктің шыңы мамырда күтілуде. Ал жылдың екінші жартысы бірша қиындыққа толы болмақ. Бірақ 2024 жылы сіз үшін өте маңызды болатын романтикалық қарым-қатынас басталуы мүмкін. Ерлі-зайыптылар үшін ұрыс-керістен аулақ болу абзал, өйткені бұл жыл жеке қатынаста қауіпке толы болмақ. Жылдың қаржылық көрінісі өте қолайлы, айтарлықтай ақша түсімдері тұрақты болады. Маусым маңызды транзакциялар мен ірі сатып алулар үшін жақсы кезең болмақ.


Козерог: даты знака зодиака, характер и совместимость

 

ТАУЕШКІ (22.12 – 19.01)

 

2024 жыл сіз үшін шығармашылық әлеуетті ашу немесе отбасын құру жылы болып табылады. Барлық қолайлы көрсеткіштер шығармашылық пен махаббат саласында шоғырланған. Жұмысқа, кәсіби өсуге және мүліктік мәселелерге қатысты барлық нәрселерде сіз өзіңіздің интуицияңызға сене аласыз. Ішкі түйсігіңіздің кеңестері дәл болады және достарыңыздың кеңестерінен әлдеқайда пайдалы болмақ. Іскерлік пен жеке қарым-қатынастарды араластырмау маңызды. Көптеген жақсы идеялар пайда болады және әдеттен тыс, бірақ тиімді шешімдер жиі ойға оралады. Қаржылық тұрғыдан алғанда 2024 жыл сіз үшін өте жақсы. Ақша әдеттегідей тұрақты түсіп тұрмақ. Биыл сізді тосын сыйлар күтіп тұр. Ол не лоторея ұтысы, немесе қандай да бір байқаудан жеңіс болуы ықтимал.


Водолей: даты, совместимость с другими и характеристика знака зодиака

 

СУҚҰЙҒЫШ (20.01 – 18.02)

 

Жыл басы сіз үшін барлық қатынаста қолайлы болмақ. Дегенмен, иллюзия жасамау және өзіңізді алдамау маңызды. Егер сіз өзіңіздің күшті жақтарыңызды да, ағымдағы жағдайды да объективті бағалауға тырыссаңыз, сіз қателіктерден аулақ бола аласыз. Бұл уақыт жаңа нәрсені үйренуге қолайлы болады. Сізді бұрын қызықтырмаған білім саласы қызықтыруы мүмкін. Бұл жаңа мамандыққа алғашқы қадам болуы да ғажап емес. Жыл ортасында іскерлік белсенділіктің аздап төмендегенін байқайсыз, бірақ бұл кезең де сәтті болады. Жылдың соңы жақындаған сайын, мақсаттарыңызға жету үшін соғұрлым көп күш жұмсау керек болады. Бұл өмірдің барлық салаларына қатысты. Осы жылы сіз отбасылық қарым-қатынастардағы ұзақ уақытқа созылған жанжалды немесе түсініспеушілікті шеше аласыз. Жаңа адамдармен кездесуге ашық болуға тырысыңыз. Қаржылық жағынан бірінші жартыжылдық жақсы кезең. Бұл уақытта сіздің белгіңіздің көптеген өкілдері іскер серіктестердің қолдауына, тегін көмекке және қолайлы несиелерге сенім артады. Жылжымайтын мүлікпен сәтті мәмілелерден пайда алуға болады.


Рыбы — знак зодиака: дата, характеристика, совместимость

 

БАЛЫҚТАР (19.02 – 20.03)

 

Жыл басы өзгерістер әкеледі. Жаңа мақсаттар пайда болады, сіз бұрын маңызды деп санаған нәрсеге басқаша қарай бастайсыз. Егер сізде бір нәрсені үйрену мүмкіндігі болса, оны жіберіп алмаңыз - сіздің жаңа біліміңіз міндетті түрде пайдалы болады. Жылдың екінші жартысы іскерлік қарым-қатынас үшін қолайлы болмақ. Жаңа серіктестердің пайда болуымен қатар, бұрынғы әріптестермен байланысты қалпына келтіруге де болады. Саяхаттар мен ұзақ сапарлар болуы мүмкін, соның арқасында сіз көптеген жарқын әсерлер алып қана қоймай, сонымен қатар кейбір күнделікті әдеттерді өзгерте аласыз. Жаңа қызығушылықтар мен хоббилер пайда болуы ықтимал, ал олар кейінірек табыс көзіне айналады. Ерлі-зайыптылық қатынаста жарыңызға сенім артыңыз және ұрыстан аулақ болыңыз. Өмірге сәби әкелу жоспары болса, 2024 жыл қолайлы болмақ.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар