Жаңа геосаяси шындық: Қытай Орталық Азияда Мәскеудің ықпалын ығыстыруда!

Еуропалық саяси зерттеу институттарының деректеріне сәйкес, Орталық Азия аймағында тарихи тектоникалық өзгерістер орын алуда.

1793182343323586.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Ұзақ жылдар бойы Кремльдің «эксклюзивті ықпал ету аймағы» саналып келген Орталық Азия географиялық аймағында орыс тілі өз позициясын жоғалтып, оның орнын қытай тілі мен Бейжіңнің «қаңбақ күші» (soft power) күшейе бастаған.

Ресейдің Украинадағы өзі бастаған соғыстың салдарын тартуы және Батыс санкцияларының нөпір қысымы Орталық Азия елдерінің сыртқы саясаты мен экономикалық векторларын түбегейлі қайта қарауына түрткі болды.

Ең бірінші мәселе – тілдік экспансия. Аталған аймақ орыс тілінің үстемдігін азайтып, баламалы тіл ретінде қытай тіліне екпін түсіре бастаған. Өңірдегі жастар мен кәсіпкерлер арасында қытай тілін үйренуге деген сұраныс бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.

Онан соң статистикалық өсім мәселесі де ОА-да Қытай ықпалы Ресей ықпалымен жарысқа түсе бастағанын аңғартады.

Мысалы, өткен жылдың соңына қарай Орталық Азияның 150 мыңнан астам тұрғыны қытай тілі бойынша халықаралық тесттерді (HSK) сәтті тапсырған. Өңірде бұл тілді оқытатын жекеменшік мектептер саны жүздеп саналады.

Қытайдың «қаңбақ күші» саналатын Конфуций институттары да белсенді жұмыс істей бастаған. Ал бұл институттар – Бейжіңнің негізгі мәдени-білім беру құралы саналады.

Қазіргі тенденцияға сай – пост-кеңестік кеңістіктегі көп мемлекетте жастар қытай тілін «болашақтың тілі» ретінде қабылдайтынын аңғартқан. Бұл — ҚХР жоғары оқу орындарында грантпен оқу, трансұлттық компанияларға жұмысқа орналасу және ауқымды бизнес жүргізуге жол ашатын негізгі кілт.

ҚЫТАЙДЫҢ «ҚАҢБАҚ КҮШІ» ЖӘНЕ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ

Қытай үкіметі Орталық Азия студенттері үшін білім беру гранттары мен стипендияларын аямай бөлуде. Бейжің өңірдегі дарынды жастарды өз тарапына тарту арқылы болашақ саяси, білім мен бизнес элитасын қалыптастыруды көздейді. Салыстырмалы түрде, санкциялар бұғауындағы және болжаусыз геосаяси режимге айналған Ресеймен салыстырғанда, заманауи Қытай аймақ тұрғындарының көз алдында сенімді, дамыған әрі болашағы зор серіктес ретінде көрінеді.

Мұндағы тағы бір назар аударарлық мәселе - тек мәдениет емес, сауданың көзі де Қытайда болып тұр. Анығында – мәдени-тілдік ықпалдың артуы экономикалық үстемдікпен тығыз байланысты. Ресей геосаяси оқшаулауда қалған кезеңде Бейжің аймақтың ірі сауда серіктесіне айналып үлгерген.оның дәлелі – Орталық Азия елдерінің сыртқы сауда айналымындағы Қытайдың үлесі 40%-ға жеткен.

Салыстырып айтар болсақ, Ресей аймақтағы позициясын жоғалтуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресейдің өңірлік саудадағы үлесі шамамен 15%-ға дейін қысқарған.

Осылайша, Бейжің тек инфрақұрылымдық жобалар мен сауда бағыттарын дамытып қоймай, бұрын Мәскеу эксклюзивті түрде иемденіп келген «аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың басты кепілі» рөлін де біртіндеп өз қолына алуда.

Орыс тілінің осылайша табиғи түрде ығысуы — бұл жай ғана лингвистикалық феномен емес, бұл — Орталық Азияның Ресейлік геосаяси орбитадан шығып, Қытайдың жаһандық ықпал ету жүйесіне толыққанды интеграциялануының айқын көрінісі болып табылады.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар