Жазушы әрі саяси сарапшы Дмитрий Чернышев «Эхо» сайтында өзінің «Еуропаның бүгінгі таңда екі негізгі стратегиялық одақтасы бар — олар Украина мен Израиль» атты публицистикалық мақаласын жариялапты.

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)
Онда Ресейдің гибридті соғыс тактикасы мен Еуропадағы қазіргі көзге көрінбейтін майдандар жайлы егжей-тегжейлі баяндалған.
Біз аталған мақаланы ықшамдап,өз оқырмандарымызға ұсынғанды жөн көрдік.
Еуропаның бүгінгі таңда екі негізгі стратегиялық одақтасы бар — олар Украина мен Израиль. Бұл екі ел күн сайын зұлымдықпен бетпе-бет соғысып жатыр:
Ресей танктері Ригада тұрмауының себебі — Украина оларды «Малая Токмачка» түбінде тежеп тұр.
Ал мыңдаған содырлар Амстердам мен Рим төрін топалаңға салмауының себебі — Израильдің арнайы операциялары олардың мысын басуда.
Тұмсығынан от бүркіген зымырандар мен дрондар Варшава мен Хельсинкиге бағытталмауының себебі — олар Одесса мен Тель-Авивке бағытталған.
Әскери сарапшылардың пайымдауынша, Ресей қазір Еуропаға қарсы жарияланбаған, яғни гибридті соғыс жүргізіп жатыр. Мұны Еуропадағылар да анық біледі.
НАТО-НЫ ІШТЕН ЫДЫРАТУ ТАКТИКАСЫ
Сарапшылардың пікірінше, Кремль НАТО-мен ашық соғысудан қаймығады, содан да чекистік әдістермен одақты ішінен ірітуге тырысады. Олар ультраоңшылдарды да, ультрасолшылдарды да бірдей қаржыландырып, Еуропада хаос тудыруды көздейді.
Бұл — КСРО дәуірінен келе жатқан «Штази» мен КГБ-ның ескі тактикасы:
КСРО кезінде араб содырларын оқытып, «Қызыл армия фракциясына» пана берді, ұшақтарды басып алуды ойлап тапты, «СПИД-ті АҚШ зертханалары жасады» деген фейктерді таратты.
Бүгінде де сондай сценарий: Қоғамдағы кез келген шиеленісті (миграция, энергетика бағасы, фермерлердің протесті, «Жақын Шығыстағы» қақтығыс) пайдаланып, оны жүз есе ұлғайтып көрсетеді.
Парижде бір қолымен «Дәуіт жұлдызын» салса, екінші қолымен еврей мұражайларын қорлайды. Провокациялар мусульмандарға да, еврейлерге де қарсы қатар жүреді. Оның үстіне, қазір арнайы агенттердің орнына «Telegram» арқылы жүз еуроға жалданатын біржолғы орындаушыларды пайдаланады. Ақшасын төлейді, орындаушы ұсталса да, тапсырыс берушінің ГРУ екенін дәлелдеу қиын.
«ДОППЕЛЬГАНГЕР» ОПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ БАСТЫ МАҚСАТ
2022 жылы Кремль «Доппельгангер» дезинформациялық операциясын іске қосқан. Мыңдаған ресейлік боттар күн сайын поляктарды украиндарға,солшылдарды оңшылдарға, американдықтарды еуропалықтарға, жергілікті халықты мигранттарға қарсы айдап салып жатыр.
Кремльдің басты мақсаты — Еуропаны одақтассыз қалдыру. Израильді шеттету үшін палестиналықтар геноциді туралы өтіріктерді пайдаланса, Украинаны оқшаулау үшін «Еуропа көмектесуден шаршады» деген нарративті ақшаға сатып алады.
Сондағы Ресейдің мақсаты — халықтың билікке, полицияның азаматтарға деген сенімін жойып, одақтастарды бір-біріне күмәнмен қарайтындай деңгейге жеткізу.
Украина 5 жылдан бері Ресей армиясын, ал Израиль ондаған жыл бойы лаңкестерді талқандап келеді. Оларға қолдау керек. Чекистік режим құлағаннан кейін әлемнің қаншалықты қауіпсіз әрі бейбіт болатынын елестетіп көрсеңізші. Еуропа елдері Кремльдің мұндай ақпараттық және гибридті шабуылдарынан өзін қорғай алып отыр ма?
Mezgil.kz