Қауіпті болжам: Ресей биологиялық қаруды сынаған ба? Оба қайдан шықты?

Әлгінде, Ресейден оба шығып, әлем жұрты бір дүрлікті. Ресейдің өзі тән алмай, терістеуге тырысқанымен, дүрлікпе әңгіменің дуылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына дейін жетті...

1791798194887114.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

РЕСЕЙДЕГІ ОБА ЖӘНЕ КАРАНТИН

Оба індеті Ресейдің Иркутскі облысында шықты. Обаға қарсы институт қызметкері осы індеттен көз жұмды. Қайғылы оқиға Шелехов қалашығындағы лабораторияда болған. Жергілікті билік карантин шараларын енгізуге мәжбүр болды. Қазір ұзын-ырғасы 200-ге жуық адам карантинге жабылған. Бұған қоса, бірнеше медициналық мекеме де карантиндік бақылауға алынған. Ал жерлігілікті билік оба ошағының шығуы туралы ашық пікір білдіруден қашқақтап отыр.

Ал оқиғалар хронологиясы былайша өрбиді:

Әуелі қыркүйектің 25-інде Дария Шипилова деген 28 жастағы обаға қарсы институттың лаборанты оба сынамаларының бірін сындырып алып, ауруханаға жатқызылған. 2 қазанда әлгі лаборант індеттен көз жұмған.

Ал 5 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп обаға қарсы күресте Ресейге көмек көрсетуге даяр екенін мәлімдеді. Бұған қоса АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресейден обаға қатысты ақпараттарды ашық жариялауды талап еткен. Десе де, Ресей билігі елде оба ауруы таралып жатқанын терістеп, АҚШ көмегінен бас тартқан.

БОЛЖАМ: РЕСЕЙ ҚАУІПТІ ҚАРУДЫ СЫНАП, ОБА СОДАН ТАРАҒАН...

Қазір әлемдік сарапшылар «Ресейдегі оба ауруы қайдан шықты» деген сұраққа ызу-қызу жауап іздеуде. Сонымен, Ресейдегі ықтимал оба ошағының артында не жатуы мүмкін? Бұл дерт кең тарап кетуі ықтимал ма?

Испанияда тұратын беларустік дәрігер Алексей Носов: «Обаның кей түрі – адамдардың белгілі бір тобы үшін ғана өте қауіпті болуы мүмкін. Ресейдегі микробиологиялық зертханаларда шығыс славян тобына әсер етпейтін оба штаммдары бар. Мүмкін, сондай штаммдардың бірі қазір сыртқа шығып кеткен болар. Яғни, ол белгілі бір этностық топқа әсер етпейді, ал қалғандарының бәріне жұғады. Бұны анығы – «биологиялық қарудың алғашқы сынағы» деп атаған жөн. Өйткені қазіргі микробиология деңгейінде оба дегеніміз — дұрыс таңдалған антибиотиктердің (атап айтқанда, кезінде дәл осы ауруға қарсы ойлап табылған стрептомициннің) мөлшері ғана. Егер қазір таралып жатқан және ешқандай антибиотикпен емделмейтін бактериологиялық аурудың ошағы бар болса, онда бұл — биологиялық қарудың элементі», - деп болжам айтады.

Беларусь дәрігері Ресей ғалымдары мұндай істерді белгілі бір есеппен жүргізеді және қазіргі этапта статистика жинап жатқанын айтады.

«Мұның бәрі өз бетінше болып жатқан жоқ. Бұған жауапты адамдар барлық мәліметті өте жақсы біліп отыр деп ойлаймын. Егер бұл кездейсоқ шыққан ошақ болса, онда бұл бактерия колониялары агар-агарда өсіп жатыр деген сөз. Тиісінше, таза колониялар бөлініп, олардың антибиотиктерге сезімталдығы анықталуда. Маған қазір не істелгенін және не істелуі мүмкін екенін айту өте қиын, бірақ шамамен процедура реті осындай. Ал егер бұл алдын ала болжамды ошақ болса, онда оларда бұл бактерияның белгілі бір антибиотиктерге сезімталдығы туралы барлық дерек бар. Демек, олардың белгілі бір болжамдары, мақсаттары мен міндеттері бар. Бұл мәселе жасырылып отырғандықтан, мақсаттары мен міндеттері туралы кесіп айту қиын», - дейді ол.

ОБА – ҚАРА ӨЛІМ...

Оба дейтін індетті біз тарихтан оқып білдік. Сегізінші ғасырлардағы пандемияға айналып соқпасақ та, жұрт білетін 14-19-шы ғасырларда Орталық Азия, Азия мен Қытай, Үндістаннан бастап, Қара теңіз арқылы Еуропаға жеткен, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканы, Ресейді жалмаған індетті – «қара өлім» деп атаған. Онан соң, 19-шы ғасырдың орта шенінде Қытайдан басталған індет те жарты әлемге жайылғаны беліглі.

Жиырма бірінші ғасырда да оба жойылып кеткен жоқ. Әлсін-әлсін әлемнің әр түкпірінде пайда болып тұрады. Осы ғасырдағы обаның негізгі ошақтары – Мадагаскар мен Конго Демократиялық Республикасы саналады. Әсіресе, әлемде тіркелген оба індетінің 90 пайызы Мадагаскардың үлесінде екен.

Ал «Роспотребнадзор» дерегінше: Ресейде оба жиі анықталып отыратын аймақтарға – Солтүстік Қапқаз, Каспий маңы, Тыва  мен Алтай, Байкал жақтар жатады.

Ресейде оба ошақтарын бақылау (мониторинг) ісі 1913 жылдан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Қазір бұл іс – «Роспотребнадзордың» құзыретінде.

Ресейдің Саратовындағы «Микроб» дейтін обаға қарсы ғылыми-зерттеу орталығы – басты институт саналады. Бұдан басқа Иркутскіде, Ростовта, Ставропольде обаны зерттеу институттары бар. Осылардың әрқайсысы өздеріне бөлінген макроаймақтарға бақылау жасайды.

XXI СТАТИСТИКАСЫ

Статистикаға көз салсақ, Ресей аумағында зертханада оба жұқтырудың ең ақырғы фактісі 1984 жылы тіркелген екен. Оған дейін жабайы табиғатта таралған бірнеше індет ошағы тіркелген. Ал «Роспотребнадзор» 2014, 2015 және 2016 жылдары үш мәрте оба жұқтыру фактісін тіркеген.

Табиғи оба ошағы — бұл жануарлар арасында «Yersinia pestis» бактериясы үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл айналымда болатын аумақ. «Роспотребнадзордың» 2023 жылғы деректері бойынша, Ресейде жалпы ауданы 226 мың шаршы километрді құрайтын осындай 11 ошақ анықталған — бұл Беларусь аумағынан сәл үлкенірек жер деген сөз. Иркутскі облысында табиғи оба ошақтары жоқ.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар