Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Жапонияның Нагоя және Аичи қалаларында өткен 20-жазғы Азия ойындарындағы жарысын аяқтады. Соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті. Алайда бұл спорт түрінен қазақстандықтар жүлде ала алмады.

 1791100956838387.jpg

(Сурет:Сали Сабиров)


Осылайша Қазақстан қоржынына 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль түсіп, жалпы есепте ел құрамасы 8-орынға жайғасты.

Медаль саны бойынша Қытай бірінші орын алды — 169 алтын, 89 күміс, 83 қола. Екінші орында Жапония, үшінші орында Оңтүстік Корея тұр. Өзбекстан 21 алтын, 25 күміс, 24 қола медальмен бесінші орынға ие болды.

Қазақстан ең көп медальді дзюдо мен күрестен алды — жеті-жетіден. Байдарка мен каноэде ескек есуден алты медаль, ал семсерлесу, бокс және джиу-джитсудан бес-бестен жүлде бұйырды.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар