Өртенген тауар. Таусылған бензин. Жарылған МӨЗ-дер: Путин ақталуға мәжбүр...

Ресейбасы Путин кеше Украинаның «Wildberries» маркетплейсінің логистикалық қоймаларына жасап жатқан шабуылдары туралы пікір білдіріп, аталған шабуылдардың ешқандай салдары жоқ екенін айтып, ақталды.

1787218881348186.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

«Украинаның Ресей инфрақұрылымына жасаған шабуылдарынан ешқандай критикалық (қауіпті) салдар жоқ, болған да емес және болуы да мүмкін емес. Бірақ олардың бізге зиян келтіріп жатқаны рас», - дейді Ресейбасы.

Мұндағы басты сөз: Салдары жоқ. Зияны — бар!

Кремль мен Мәскеу мінберлерінен айтылған әуелгідегі: «Киевтің күші бізге тең бе?», «Ары шапқанда үш күнде құлатамыз» деген лепірме сөздер бүгінде осылай өзгерген. Президенттің сөзі, бұл. «Әлемнің екінші әскері» деп әсіре әспеттелген армияның иесі осылай сөйлеп тұр.

Президент Путин: «Салдары жоқ, зияны бар», - деді.

«Reuters» агенттігі: «72% АЗС-та бензин жоқ: Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды», - деп жазды.

16 тамыздан бүгінге дейін ресейлік май құю станцияларының шамамен 28%-ында ғана бензин немесе дизель болған. Жанармай тапшылығын бірнеше өңірдің билігі ресми түрде мойындап отыр. Олардың ішінде Мәскеу мен Мәскеу маңы да бар.

Президент Путин: «Салдары жоқ, зияны бар», - деді.

«Deutsche Welle» агенттігі: «Мәскеуде бензин сату тағы да шектелді. 19 тамызға қараған түні кейбір АЗС-терде көлік кезегі байқалды», - деп жазды.

Президент Путин: «Салдары жоқ, зияны бар», - деді.

Украина Ресейдегі «Wildberries» маркетплейсінің ең ірі 10 логистикалық орталығының 7-еуін істен шығарды. Қазірге дейін жиыны 30 қойманың 21-іне шабуыл жасалды», - деді Украина Қорғаныс министрлігі.

Президент Путин: «Салдары жоқ, зияны бар», - деді.

«Дрон шабуылдарынан Ресейдегі 33 негізгі мұнай өңдеу зауытының кем дегенде 24 ірі кәсіпорны соққыға жығылды. Олардың ішінде кем дегенде 13 кәсіпорын ауыр зақымданулар салдарынан өз жұмысын толықтай немесе ішінара тоқтатты», - деп жазды «Дзен».

Тақырыпқа тұздық: Ресей билігі қызметтен қуған шенеуніктер Ресейдің бұл соғыста жеңіске жете алмайтынын ашық айтуда. Кремль ресми трибуналардан «санкциялар бізге әсер еткен жоқ», «экономикамыз бұрынғыдан бетер нығайды» деп сенімді сөйлегенімен, шындық мүлдем басқаша болып шықты.

«National Security Journal» басылымында жарияланған сенсациялық сараптамада Ресейдің экономикалық блогында жоғары қызмет атқарып, кейіннен жүйеге қарсы келгені үшін жұмыстан қуылған бұрынғы шенеунік ішкі жағдайдың шынайы картинасын жайып салды.

Оның мәлімдемесіндегі басты тезистер не дейді?

«Төзімділік ресурстармен өлшенбейді»: Ресейде мұнай, газ және өндіріс қуаты жеткілікті сияқты болып көрінгенімен, ұзаққа созылған «титықтату соғысы» (war of attrition) елдің қаржылық және технологиялық жүйесін іштен жеп жатыр.

Инфляция мен кадр тапшылығы: Әскери секторға құйылған орасан зор қаражат азаматтық экономиканы тұралатып тастады. Жоғары инфляция мен жұмыс күшінің азаюы — кері қайтарылмайтын процесс.

Мифтің талқаны шықты: Кремль халықты соғыс жағдайында да гүлденіп өмір сүруге болады деп сендіргісі келеді, бірақ бұл — жай ған соңы апатқа әкелетін иллюзия!

Сарапшының пікірінше, экономикалық заңдылықтарды пропагандамен алдай алмайсың. Соғыс ұзарған сайын, Ресейдің ресурстары бітіп, экономикасы күйреуге бет алады. Ел созылмалы дағдарысқа ұшырап жатқанда, жеңіс туралы айту мүмкін емес! Бұл мәлімдеме — тек геосаяси болжам емес, Ресей жүйесінің ішінен шыққан дабыл.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар