Астыртын келісім: Ресей мен КХДР мыңдаған сарбазды құрбандыққа даярлап отыр...

Мәскеу мен Пхеньян геосаяси сахнада бұрын-соңды болмаған жақындасуға бет бұрды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Солтүстік Кореймен бірге «көпполярлы әрі әділетті жаңа әлемдік тәртіп» орнатуға ниетті екенін ресми түрде мәлімдеді.

1787133148830185.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

«Ресей мен Солтүстік Корей «жаңа әлемдік тәртіпті» құру жолында бірлесе күрес жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

«Бүгінде Мәскеу мен Пхеньян көпполярлық, шынайы теңқұқылық пен ұлттық мүдделерді ескеру қағидаттарына негізделген жаңа әділ әлемдік тәртіпті құру үшін біртұтас майдан болып әрекет етуде», — делінген Лавровтың үшбу хатында.

Сергей Лавров 1945 жылы кеңестік қызыл әскерлер мен корей патриоттарының милитаристік Жапонияны жеңуі Курск облысындағы «Украина Қарулы күштері мен шетелдік жалдамалыларды қуу» бойынша бірлескен операцияда көрініс тапқан «жауынгерлік серіктестік дәстүріне» негіз қалағанын атап өтті.

Ресей СІМ басшысы Мәскеудің бұдан былай да «ресейлік-корейлік ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету» бағытын ұстанатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл «екі елдің игілігіне қызмет етіп», сондай-ақ «аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді».

Ресей Украинаға толық ауқкүшпен соғыс ашқаннан кейін ҚХДР-мен ынтымақтастығын күшейте түсті. Оңтүстік Корейдің әскери барлау деректеріне сәйкес, Пхеньян Ресей армиясына 12 миллионнан астам артиллериялық оқ-дәрі беріп, Курск облысына 13 мыңға жуық әскери қызметші жіберген, олардың шамамен 2,3 мыңы қаза тапқан.

«Bloomberg Economics» есебі бойынша, 2022 жылдан бері ҚХДР Ресейге көрсеткен әскери көмегінен 14,02 миллиард доллар табыс тапқан, оның ішінде 849 миллион доллары сарбаздарды «экспорттау» арқылы түскен.

Мәскеу мен Пхеньян арасындағы әріптестік қазір де тереңдей түскен. Украина президенті Владимир Зеленский әлгінде ғана Солтүстік Кореяйдің Ресей жерінде 50 мыңға жуық әскери қызметшілер тобын орналастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген..

Бұған дейін украин барлауы ҚХДР-дың Воронеж облысына зымыран бөлімшесін — 6 ұшыру қондырғысы мен 120-ға жуық зымыранды жіберу жоспары туралы хабарлаған болатын. Сондай-ақ Киев Солтүстік Корейдің 2026 жылы Ресейге орта қашықтыққа соққы жасайтын  «KN-23» және «KN-24» баллистикалық зымыранынан 40 дана бергенін айтқан.

Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасы бастығының орынбасары Вадим Скибицкий Солтүстік Корей Ресейге айтарлықтай мөлшерде әскери қызметшілер жіберуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін Мәскеудің Украинаға соққы беру үшін КХДР-дан баллистикалық зымырандар алғаны хабарланған болатын.

Украина әскери барлауының мәліметтері бойынша, 2026 жылдың тамызындағы жағдай бойынша Ресей аумағында қазір 8,5 мыңға жуық солтүстіккорейлік  сарбаз орналасқан. Олардан ресейлік «Север» әскерлер тобының құрамында әрекет ететін төрт бригада құрылған. Бұлар Украинадағы ұрыстарға белсенді қатысып жатқан жоқ, олардың міндеті — РФ мемлекеттік шекарасын тасалау (қорғау).

Украина барлауының хабарлауынша, КХДР әскери қызметшілерінің орташа жасы — 30 жас. Жалпы РФ аумағындағы солтүстіккорейлікқ контингент ротацияланады және бұл операцияға тартылған әскери қызметшілердің жалпы саны 23-25 мың адамды құрайды.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар