Мәскеуді әрі-сәрі еткен «тозақ санкциялары»: Кремль енді қайтпек?

АҚШ Сенаты Ресейге қарсы марқұм сенатор Линдси Греммнің бастамасымен қолға алынған «тозақ санакцияларын» талқылап, шешім қабылдады.

1786265654950282.jpg

(Сурет: bbc.com)

Заң жобасы әуелде Ресейге ғана қарсы бағытталған. Кейін президент Трамптың ұсынуымен оған Иранды да қосқан.

Ал бұл санкциялар Ресейге жойқын соққы боп тиері сөзсіз. Өйткені, заң қабылданса, бұл - бірден Мәскеумен сауда-саттық жасаушы елдерді тыйып тастамақ. Сәйкесінше, энергоресурс пен көмір нарығы бір теңлеседі. Өйткені, АҚШ Ресейден энергоресурс сатып алушыларға 500 пайыздық салық салмақ.

Ал Ресейден мұнай мен газ сатып алушы өзге елдерге және Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен елдерге 100 пайыздық тариф салынады. Заң 5 жыл бойы күшінде болады...

СЕНАТОР ШУМЕР: ПУТИН ДЕГЕН - НАҒЫЗ БАНДЫ!

Сенаттағы демократтардың лидері Чак Шумер:

— «Греммнің тозақи санкциялары» кезек күттірмейтін заң. Бұл заң Мәскеуге АҚШ-тың Киевті қанша керек болса, сонша қолдайтынын нақ көрсетуі тиіс. Путин секілді бандылар біздің сөзімізді елемейтін де болған. Оны біздің нақты ісіміз ғана тоқтата алады, - деді тіліп тұрып.

Сонымен қатар, ол «Путин Батыстың батылдығын тексеру үшін НАТО елдерінің біріне шабуыл жасауға ұмтылуы мүмкін» деген американдық барлау қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап, Трампты «Ресейдің көңілін табуға (тыныштандыруға) тырысып жатыр» деп айыптады.

СЕНАТОР БЛУМЕНТАЛ: БҰЛ АУАДАЙ КЕРЕК ЗАҢ!

Сенатор, демократ һәм «Гремнің тозақи санкциялары» дейтін заң жобасының авторларының бірі Ричард Блументал:

— Мен бұл бастаған ісімізді аяғына дейін жеткізгім келеді. Мен бүгін керемет, керемет зілді сөздерді айтар-ақ едім. Бірақ, мен марқұм Гремнің соңғы сөзін ғана айтып тоқтайын. Ол ақырғы рет: «Бұл ауадай керек заң», - деп шегелеп кетті. Бүгін арамызда оның орны қаңырап бос тұр. Бірақ, оның рухы біздің жанымызда және ол бізге дән риза болар еді, - деді.

АҚШ Сенаты Ресей мен Иранға қарсы марқұм Линдси Гремнің «тозақи санкциялар» дейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл заң қабылдануы үшін 60 дауыс керек-ті. Сенаттың 86 депутаты қолдап дауыс берді. Болғаны 11-і қарсы сөйлеген. Зеленский АҚШ Сенатына алғыс айтты.

Енді бұл заңды Өкілдер палатасы қарауы керек. Егер ол жақтан да өтсе, Трамп қол қояды!

Ал бұл заң жобасы қос палатаның қолдауынан шықса Ресейге әжептәуір тықыр таяйды. Өйткені Ресейдің көлегейлі флотынан бастап, қаржы-экономика салалары, тіпті шенді-шекпенділері санкцияға ілінеді. Ең бастысы Трамп Ресейден мұнай мен газ сатып алатын елдерге өкіртіп тұрып тарифтер енгіще алатын болады.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар