Украина шабуылы күшейді: Ресейдегі Wildberries Қазақстаннан пана сұрауда...

Дәл солай. Украинаның от тұмсықты темір құстарының (дрондарының) төпелеуіне төзбеген Ресейдегі ең ірі маркетплейстердің бірі – Wildberries Қазақстаннан пана сұрауда...

1785315029954670.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

ӨРТЕНГЕН ҚОЙМАЛАР. ҚЫЗЫЛ ШЫҒЫНҒА БАТҚАН САУДАГЕРЛЕР...

Сөзді әуелі Украинаның Wildberries-ке сериялық шабуылдарынан бастайық: Украина Wildberries логистикалық орталықтарына 2026 жылдың шілдесінен бастап шабуылдай бастады.

18 шілдеде Мәскеу облысының Электросталь қаласындағы қоймаға дөп соққы жасалды. Бұл қойма шатырлап тұрып, 4 күн жанған. Дәл сол күні Тамбов облысының Котовск қаласында да алапат өртті көрдік. 22 шілдеде Краснодардағы Wildberries қоймасында өрт болды. Ал Невинномысскідегі қойманың өртенуі себепті тұтас қалада төтенше жағдай режимі енгізілді.

Сонымен қатар шабуылдар Воронеждегі, оккупацияланған Симферопольдегі, Санкт-Петербург түбінде орналасқан Шушарыдағы және Ленинград облысындағы Новосаратовкадағы қоймалар да соққы жеді. Ал бүгін, 2026 жылдың 29 шілдесіне қараған түні Рязандағы қоймаға дөп соққы жасалды.

Қазір бұл қоймаларда өз тауарларын сақтаған кәсіпкерлер қыруар шығынға ұшырауда. Болжамды есеп бойынша, қазірдің өзінде шығын көлемі шамамен 250-400 миллиард рубльді құрайды. Wildberries-тің қоймалары дәл осылай шабуалдан көз ашпайтын болса, бұл тек компания иелеріне ғана емес, қарапайым тұтынушыларға да кері әсер етеді. Өйткені, ашық деректердегі мәліметтер бойынша, 2025 жылы ресейліктер осы платформа арқылы 4,3 миллиард тапсырыс рәсімдеген.

Wildberries-ті кейде «Ресейдің Amazon-ы» деп атайды. Кремльдің ауласында жүрген шенді-шекпенділер үшін МӨЗ-дерге шабуыл, Қырымдағы қыспақ пен жанармай дағдарысынан соң, енді Wildberries-ті қорғау бас қайғы болып тұр...

2026 жылдың шілдесінің соңына қарай – Ресейдегі 10 ірі стратегиялық хабтың 6-ауы Украина шабуылына ұшырап, жұмысын уақытша тоқтатқан немесе толықтай жойылған.

Украина тарабы бұл соққылардың басты себебі рнетінде – «аталған қоймаларда соғысқа арналған тауарлар сақталған» деп атады. Әртүрлі деректерге көз жүгіртсек, соққылар жасалғанға дейін Wildberries қоймаларында шамамен 200 мыңнан астам соғысқа арналған тауарлар сақталып келген. Бұлардан бөлек, қос мақсатта пайдаланылатын тауарлар да осы қоймаларда сақталған.

WILDBERRIES ҚАЗАҚСТАННАН ПАНА СҰРАУДА...

Ресей жерінен қорған таппаған Wildberries енді Қазақстаннан пана сұрап, 100 мың шаршы метрлік қойма іздестырып жатыр екен.

«Коммерсантъ» басылымы: «Wildberries маркетплейсін дамытушы RWB тобы Қазақстанда шамамен 100 мың шаршы метрлік дайын қойма немесе бос қоймаларды жалға алу мүмкіндігін қарастыруда», - деп жазды.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар