Украина-Ресей соғысы һәм Трамптың шешімі: Уганда халқы аштықтан қырылуда!

Уганда билігі Карамоджа өңірінде бірнеше айға созылған құрғақшылық салдарынан азық-түлік тапшылығы басталғанын айтып, әлемдік қауымдастықтан шұғыл көмек сұрауда. Аталған аймақта егін де дұрыс шықпай, жауын-шашын аз түскен. Салдарынан аштық басталуы мүмкін. 1,5 млн адамның өміріне қауіп төніп тұр. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.

1785144405572383.jpeg

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Уганданың шығысындағы ұзаққа созылған құрғақшылық жайлаған аймақта аштықтан кемінде 19 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Бұл белгілісі. Бейресми статистика бойынша көз жұмғандар саны жүзден асқан. Азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерлер жөнінде алдын ала ескертуге арналған халықаралық мониторингтік желі — Famine Early Warning Systems Network (FEWS NET) Карамоджадағы жағдайдың апаттық деңгейге дейін нашарлағанын мәлімдеді.

Халықаралық гуманитарлық көмек еселеп қысқаруда. Уганда үкіметі алғаш рет ауқымды азық-түлік тарату операциясын ұйымдастырып отыр. Бұл билік үшін үлкен салмақ салуда. Билік алдағы екі ай ішінде тұрғындарға 9400 тонна азық-түлік көмегін жеткізуді жоспарлағанын хабарлады. Азық-түлік қоры парламент мақұлдаған 45 миллиард угандалық шиллинг, яғни 9 миллион фунт стерлинг көлеміндегі қаржы есебінен сатып алынған. Бұл ел үкіметінің қазынасын қағуда.

Төтенше жағдайларға дайындық және босқындар істері жөніндегі министр Сэм Энгола сәрсенбі күні Каабонг округінің Лодико шағын ауданындағы бастауыш мектепте гуманитарлық көмекті тарату науқанын ресми түрде бастады.

«Президент Карамоджада бірде-бір адамның аштықтан қайтыс болғанын естігісі келмейді. Мен азық-түліктің толық таратылуын жеке бақылау үшін келдім. Әрбір адамның азық-түлік алуын қамтамасыз етемін. Ешкім көмексіз қалмайды», — деді Энгола.

Медициналық мекемелер дұрыс тамақтанбаудан зардап шеккен жүздеген баланың емделіп жатқанын хабарлады. Маусым айында жарияланған тамақтану жағдайы туралы есепке сәйкес, Карамоджаның Каабонг және Котидо округтеріндегі халықтың жартысына жуығы аштық жағдайда өмір сүріп жатыр.

Сарапшылар өңірде азық-түлік тапшылығының қайталана беруін климаттық дағдарыстың салдарымен, ормандардың жойылуы, малдың шамадан тыс жайылуы секілді экологиялық мәселелермен, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендігімен байланыстырады.

Уганданың Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының деректеріне сәйкес, 2022 жылы аштықтан 2200-ден астам адам қайтыс болған. Ал бұл жолғы аштық тіпті жойқын болуы мүмкін.

Аштықтың өршуіне Трамптың шешімдері де әсер етуде. Қаржыландырудың айтарлықтай қысқаруынан, әсіресе бұған дейін жылдық бюджеті шамамен 42,8 миллиард долларды құраған USAID көмегінің тоқтатылуынан кейін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы сияқты халықаралық ұйымдар өздерінің гуманитарлық бағдарламаларын күрт қысқартуға мәжбүр болды. Бұл Угандаға да соққы жасады. Угандада тегін негіздегі қоғамдық тамақтандыру желілері жабылды.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Угандадағы босқындардың 63 пайызына көрсетілетін азық-түлік көмегін тоқтатты. Соның салдарынан 1 миллионнан астам адам көмексіз қалды.

Аштыққа Украина-Ресей арасындағы соғыс та әсер етуде. Киев пен Мәскеу әлемдегі 1 млрдтан астам адамды астықпен қамтамасыз етеді. Қос елдің өзара соғысы әлемдегі астық бағасын шарықтатып жіберді. Ал Қара теңіз арқылы астық тасымалдау қиындап кетті. Бұл Африка мен Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігіне соққы жасады.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар