Бес болжам – бір мақсат: Путиннің ақыры көрінді. Кремльдің қаупі артты...

Күні кеше әйгілі «Bloomberg» басылымы Ресей президенті Путиннің Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы еш өзгермегенін жазған еді.

1784787156462515.jpg

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

ПУТИННІҢ ЖОСПАРЫ – ДОНБАССТЫ АЛУ...

Басылым өз материалында:  Путин Украинаға қатысты аумақтық талаптарды күшейтіп, Донбасс толық басып алынғанға дейін келіссөздерден бас тартты», - деп жазған. Сонымен қатар, Ресейбасы соғысты тоқтату туралы қандай да бір келісім жасасуды, Украинаның оккупацияланған аумақтарының бір бөлігін қайтаруды жоспарлап отырмағанын және Сумы мен Харьков облыстарының басып алынған аудандарын буферлік аймақ ретінде сақтап қалуды көздеп отырғанын жазған.

Басылымның жазуынша – Путин бұрынғысынша бүкіл Донбасты басып алуды көздеп отыр және осы мақсат орындалған соң ғана қандай да бір келіссөздерді бастауға дайын. Бұл – бұл ма, Ресей президентінің құлағын бұрап отырған – Ресейдің Қорғаныс министрлігі. Олар Донецк облысының қалған бөлігін 2026 жылдың соңына дейін толық бақылауға алатынына сендірген. Ал Путиннің өзі 2025 жылғы тамызда Аляскадағы саммитте Трамппен қол жеткізілген бейресми уағдаластықтар енді өз күшін жойды деп шешкеннен кейін, жер алмасу туралы бұрынғы идеясынан бас тартқан. Бұған қоса, Трамптың Ресейден мұнай мен газ сатып алатын ең ірі бес елге 100%-ға дейін баж салығын енгізу туралы заң жобасын қолдауы шешуші факторға айналған. Сондай-ақ Кремль ұстанымының қатаңдауына Украинаның Ресейдегі МӨЗ-дерге жасаған соққылары әсер еткен.

ЗЕЛЕНСКИЙ: ПУТИННІҢ ТҮБІНЕ ӨЗ АЙНАЛАСЫНДАҒЫЛАР ЖЕТЕДІ!

Ал күні кеше Украина президенті Зеленский Ресей президенті Путиннің төңірегіндегі әскери һәм саяси элита мен Кремль қожайынының арасы суыса бастағанын айтты.

«Ресей президентінің айналасындағылар – бұл соғыстың әлі жалғасып жатқанына жалғыз кінәлі адам – Путин екенін жақсы түсінеді. Ресейдің қазіргі әскери және адами шығындарына да жалғыз жауапты Путин деп есептейді. Қазіргі майдандағы қалыптасқан жағдайлар мен біздің қашықтан соғатын санкцияларымыз Путиннің төңірегіне де әсер етіп, ол жақтағылардың пікірін өзгертуде. Және біздің әріптестеріміз арқылы ишара, белгі білдіруде», - деді Зеленский.

БАТЫСТЫҚ БАҚ: ПУТИН БИЛІГІ ҚАЛАЙ АЯҚТАЛАДЫ?

Жалпы Владимир Путин Ресей билігін ресми түрде 2000 жылы тізгіндеді. Содан бері Ресейде билік іс жүзінде еш ауысқан жоқ. Ал оның саяси карьерасының қалай аяқталатынына байланысты осыған дейін Батыс БАҚ-тарында сан түрлі болжамдар айтылды. Солардың әрідегісін айтпасақ та, биылғы жылы жазылған бірлі-жарым болжамдарты топтасақ, гәп былай болмақ:

THE TIMES болжамы: «Ресей Конституциясына сәйкес, Путиннің президенттік өкілеттігі 2036 жылы аяқталады. Ол кезде Путин 83 жаста болады екен. Сол кезеңде ол билікті өз мұрагеріне қалдыруы мүмкін деген болжам бар. Бұл ретте Украинадағы соғысты да ескерген жөн, ол Ресейдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді ушықтырып отыр. Сондықтан Путиннің тіпті өз мұрагеріне тапсыратын ештеңесі қалмауы мүмкін деген нұсқа да бар.

Путин Украинаға соғыс ашқанда бәрін бірнеше күннің ішінде аяқтаймын деп ойлады. Ал бүгін Украина Ресейдің өзін, Туапсеін, Челябинскіні, Екатеринбургті соққылауда. Украинадағы сәтсіздік Путиннің рейтингін оның 26 жылдық билігінде бұрын-соңды болмаған деңгейде әлсіретті. Киевтегі жеңіс шерулерінің орнына Путин ресейлік саяси элита мүшелерінің астыртын сөз байласуына алаңдаулы. Путин өзінің жақын айналасы оны өтіргісі келеді деп қауіптенеді. Бұған жол бермеу үшін тіпті ол өз шенеуніктеріне президенттің жанында интернетке қосылған телефондарды пайдалануға да тыйым салған. Сондай-ақ Путин өзінің қала сыртындағы үйлеріне баруды да доғарған. Ал Еуропа Ресейдіңбұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгуға бәс тігуде. Путинге қарсы мемлекеттік төңкерісті бір бастауы мүмкін адам – дәл осы Шойгу деп аталады. Өйткені жоғары әскери қолбасшылықта айтарлықтай ықпалын сақтап отыр-мыс».

THE DAILY MAIL болжамы: «Ресей президенті Путинді бүгінде өз айналасындағылардың өзі жақтыра қоймайды. Оның саяси һәм әскери шешімдерінің сәтсіздігіне Кремль элитасы наразы. Және ең басты наразы топ – бизнес элита мен олигархия. Сондықтан 2026-20257 жылдар аралығында Ресейде 1953 жылғы сценарий бойынша мемлекеттік төңкеріс болып қалуы да ықтимал».

THE SPECTATOR болжамы: «Қазіргі батыстық ақпараттық кеңістікте ызу-қызу талқыланып жатқан мемлекеттік төңкеріс туралы ақпараттар анығы – ақпараттық-психологиялық операцияның бір бөлігі болуы ықтимал. Ресейдегі әскери-күштік жүйенің бір ерекшелігі – түрлі арнайы қызметтер ұдайы бір-бірін бақылаумен келеді. Сол себепті, әскери төңкеріс нұсқасы қазір мүмкін емес».

FORBES болжамы: «Қазіргі елішілік экономикалық қиындықтар мен халық наразылығынан қажыған Ресейдің саяси және бизнес элитасы әскери құрылымдармен күш біріктіріп, алдағы 3 жылдың ішінде Путинді биліктен кетіруі әбден мүмкін. Украинаның Ресей МӨЗ-дерін соққылауы мен Қырымды қыспаққа алуы – майдан даласындағы жағдайды түбегейлі өзгертті».

THE ECONOMIST болжамы: «Уақыт күрделі — бұл қазір айдан анық, өтірік айтудан пайда жоқ. Соғыс әлдекімдер жоспарлағаннан әлдеқайда ұзаққа созылды, Z-қоғамдастық жүйеден тыс оппозициядан кем қауіп төндіріп тұрған жоқ, экономикаға тиген соққы сезіле бастады. Ал біз не көріп отырмыз? Қан иісі шықты. Енді Кремль саясатына қарсы топтар режимнің әлсіз тұсынан соғып,  бүлік шығарғысы келеді. Бұлай жалғаса берсе түбі бір науқанның болары анық».

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар