«Өрмекпен» Ресейді өртеп, Жыландыны азат еткен жауынгер: Евгений Хмара жайлы не белгілі?

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның қорғаныс министрі қызметіне Евгений Хмараны ұсынуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Соңғы алты айда ол Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) уақытша басшысы қызметін атқарып келді. Бұл туралы ВВС басылымы жазды. 


ChatGPT Image 17 июл. 2026 г., 15_01_12.png(Сурет ЖИ арқылы жасалды)

 

Зеленскийдің айтуынша, әзірге Қорғаныс министрлігінің міндетін уақытша Хмара атқарады. «Қажетті заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін» ол Жоғарғы Рададан бұл тағайындауды қолдауды сұрамақ.

 

«Евгений Хмара түрлі операцияларды жүргізуде теңдессіз тәжірибе жинақтады. Дәл осы бағытқа біздің қорғанысымыз басымдық беруі тиіс», — деді Зеленский.

 

Қаңтарда Хмара Василий Малюктің орнына Украина Қауіпсіздік қызметінің уақытша басшысы болып тағайындалған еді. Украинаның Би-би-си қызметінің хабарлауынша, Хмараның Қорғаныс министрлігін уақытша басшы ретінде қалай басқара алатыны әзірге түсініксіз. Себебі бұл үшін үкімет алдымен оны қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындап, ведомствоны уақытша басқаруға өкілеттік беруі қажет.

 

Сонымен қатар, Хмара әскери қызметте жүр. Ал «Украинаның ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңға сәйкес, қорғаныс министрі мен оның орынбасары қызметтерін тек азаматтық тұлғалар ғана атқара алады.

 

«Суспільне» басылымының дереккөздерінің мәліметінше, Хмараның орнына Украина Қауіпсіздік қызметі басшысының міндетін уақытша оның бірінші орынбасары Александр Поклад атқаратын болады.


Хмара Евгений - досье, биография, фото, последние новости - ПАРЛАМЕНТ.UA

 (Суретте Евгений Хмара, сурет parlament.ua сайтынан алынды)


Украина Қауіпсіздік қызметінің таратқан ресми ақпаратына сәйкес, Евгений Хмара бұл қызмет құрылымында кемі 15 жыл еңбек еткенін көре аламыз. Ресейдің Украинаға басып кіруінің алғашқы кезеңінде ол Киев облысын азат ету операциясына қатысқан. Кейіннен Северодонецк пен Лисичанск үшін болған шайқастарға да қатысқан.

 

Хмара 2022 жылдың жазында Жыланды аралын (Змеиный аралы) азат ету операциясына қатысты. Ол бұл операцияны экономикалық және психологиялық тұрғыдан маңызды деп бағалады.

 

2023 жылдың сәуірінде Хмара «А» арнайы операциялар орталығының басшысы болып тағайындалды. Ақпарат көздерінің мәліметінше, кейін ол «Альфа» арнайы жасағының жауынгерлерімен бірге арнайы операцияларға тікелей қатысқан.

 

«Осыдан кейін «Альфа» мүлде жаңа деңгейге көтерілді. Бұл Евгений Хмара мен Василий Малюктің стратегиялық жоспарларының, жемісті жұмыстарының нәтижесі», — дейді «Голос» партиясы фракциясының депутаты Роман Костенко.

 

«Евгений еңбек жолын бричер ретінде бастаған. Бричер — арнайы бөлімшенің ғимаратқа жылдам әрі күшпен кіруін қамтамасыз ететін жауынгер. Кейін ол «Альфа» құрамындағы элиталық бөлімшені басқарды. Бұл бөлімге іріктеу талаптары тіпті «А» арнайы операциялар орталығына қабылдау талаптарынан екі есе қатаң болатын», — деді Костенко.

 

Украина Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, «А» арнайы операциялар орталығы қарсыластың әскери техникасы мен жеке құрамын дрондардың көмегімен жою көрсеткіші бойынша Украина қорғаныс күштерінің ең нәтижелі үш бөлімшесінің бірі саналады. Дәл осы орталықтың дрон операторлары «Өрмек» («Паутина») арнайы операциясын жүзеге асырды. Бұл операция барысында жүк көліктеріне жасырылған FPV-дрондар Ресей аумағына жеткізіліп, кейін бір мезгілде төрт әскери әуежайға соққы жасады. Нәтижесінде ондаған ресейлік стратегиялық ұшақ отқа оранды.

 

Хмара «Омега» арнайы мақсаттағы орталығында қызмет атқарған. Бұл Украина Ұлттық гвардиясының элиталық арнайы мақсаттағы бөлімшесі саналады. Қазіргі таңда Евгений Хмара Богдан Хмельницкий орденінің иегері. Сонымен қатар ол III дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен және Украина президентінің «Жауынгерлік еңбегі үшін крест» айрықша белгісімен марапатталған.

 

«Евгений арнайы қызмет органдарында зор беделге ие. Оны барлық құрылым басшылары жақсы таниды. Ол халықаралық серіктестермен тығыз байланыс орнатқан, бұл да маңызды. Сондай-ақ оны Жоғарғы Раданың профильдік комитеті жақсы біледі және онымен тиімді жұмыс істейді», — деді Роман Костенко.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар