Домбыра сөйлеген күн: ұлт рухын көтерген мереке

Бүгін ел үшін мәні мен мазмұны ерекше қос мереке – Астана күні мен Ұлттық домбыра күні қатар аталып өтуде. БіріТәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірінің символына айналған елорданың мерекесі болса, екіншісіхалқымыздың сан ғасырлық рухани болмысын танытатын қасиетті қара домбыраға деген құрметтің белгісі. 

  1783325166400579.png

(Сурет:https://kokshetv.kz)

Домбырақазақтың ғана емес, тұтас ұлттың тарихын, тағдырын, қуанышы мен қайғысын бойына сыйғызған киелі мұра. Оның қос ішегінен төгілген әрбір күйде халқымыздың өткені, бүгіні мен болашағы үндесіп жатыр. Сондықтан Ұлттық домбыра күні – тек өнер мерекесі емес, ұлттық рухты ұлықтайтын, төл мәдениетімізді дәріптейтін ерекше күн. 

  

Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Президент өз құттықтауында домбыраны ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра деп атап өтті. 

  

Қос ішекті қастерлі аспапұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра, – деді Мемлекет басшысы. 

  

Президенттің айтуынша, домбыраұрпақтар сабақтастығын жалғайтын алтын көпір. Ғасырлар бойы халқымыздың төл құндылықтарын сақтап келген қасиетті аспап бүгінде де ұлттық мәдениеттің мызғымас тұғыры болып қала береді. Әсіресе, жаһандану дәуірінде қара домбыраны дәріптеуәрбір қазақстандықтың ортақ міндеті. 

  

Мемлекет басшысы сондай-ақ қазақ домбырасының әуезді үнін әлемге танытужалпыұлттық парыз екенін айтып, ұлттық өнерді насихаттап жүрген домбырашыларға, ұстаздарға және өнер жанашырларына алғыс білдірді. 

  

Домбыраның күмбіріелдің рухын асқақтататын, өткен мен бүгінді жалғайтын мәңгілік үн. Сондықтан бұл мерекеұлттық мәдениетімізді ұлықтап, ұлттың рухани тұтастығын нығайтатын тағылымы терең күн. Ал қасиетті қара домбыраның үні әрдайым қазақ елінің бірлігі мен болашағының жаршысы болып қала бермек. 


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар