Жалған уәде, ажалды тұзақ: Перу пен Покровск арасындағы тағдырлар!

Украина-Ресей соғысы екі елдің арасындағы қақтығыс ауқымынан кеңейіп, әлдеқайда күрделі майданға айналғалы қашан. Соғысқа әлемдік қару саудасының гиганттары, күш орталықтары да қатысуда. Мәскеуге жұмыс іздеп барып, алданып, майдан даласынан бірақ шыққан бейбақтар да жетеді. Олар да осы соғыстың құрамдас бөлігі саналады. Солар туралы CNN басылымы жазды. Біз қысқа форматта ұсынамыз.


ChatGPT Image 29 июн. 2026 г., 14_59_16.png(Сурет ЖИ арқылы жасалды)

 

Ресейге жұмыс іздеп келіп, бопсамен соғысқа аттанғандар арасында Перу азаматтары да жеткілікті. CNN басылымы солар туралы мақала жариялады.

 

Кейіпкердің бірі Норма есімді әйел. Ол Перудің астанасы Лима қаласында тұрады. Норма ұлын қаңтар айынан кейін көрмеген. Оның ұлы Ресейден жұмыс тапқанын, Ресей аумағындағы әскери бөлімшенің бірінде аспаз болатынын айтып, Мәскеуге аттанған. Тіпті сол жұмыстың арқасында азаматтық алу мүмкіндігі болатынын да ескерткен. Айлықтың жоғары болатынын айтып, кедейліктен құтыламыз деп қуанған. 

 

Норманың ұлынан бөлек өзге азаматтар да Ресейге аттанған. Норма ұлының соғысқа аттануынан қауіптенген. Көп ұзамай ол Ресейдегі ұлынан хабар алады. Оның ұлы видео жіберіп, видеода Ресей әскерінің құрамына бопсамен қосылғанын айтқан. Видеода ол жүздеген перулік бопсамен майдан даласынан бірақ шықты дейді. Кейін Норманың ұлы майдан даласындағы жағдайға қатысты ақпарат беріп, суреттер жіберіп отырған. Суреттердің бірінде ол әскери формада болса, енді бірінде бункер салып жатқанын байқауға болады. Норма бұл видеолар мен суреттерді CNN басылымына көрсеткен. Сәуір айынан бастап Норманың ұлы ақпаратты аз жіберетін болған. Ал мамыр айынан бастап Норманың ұлынан хат-хабар келген емес дейді CNN басылымы.

 

CNN басылымы Лимадағы Ресей елшілігі алдында наразылық акцияларын өткізіп жатқан 12 перулік отбасынан пікір алды. Олар не ұлдарын, не әкелерін іздестіруде. Барлығы дерлік кедей отбасынан шыққан. Ресейге жұмысқа аттанып, із-түссіз жоғалған. Міне, сол жандарды жақындары іздестіріп жатыр.

 

Наразылық акциясына шыққандардың бірі Роза есімді әйел. Оның үш баласы бар. 48 жастағы жұбайы Ресейге жұмысқа аттанған. Хатының бірінде Розаның күйеуі «бізді соғысқа тартқан сияқты, бұл жер нағыз тозақ» деп жазып жіберген. Ол өз хаттарында Ресей әскеріндегі қорлық жайлы, аштық пен ұрып-соғу туралы, дрондар шабуылы хақында жазған. 26-наурызда ең соңғы хатын жолдап, хатта «Барлығыңды жақсы көремін» деп жазыпты. Сол күннен кейін хат келген емес, ал Роза күйеуін іздестіруде. Майдандастары Розаның күйеуі дрон соққысынан қаза тапты дейді.

 

Бұл мәселеге Перу үкіметі назарын аударды. Мамыр айында Перу прокуратурасы жалдамалы жендеттік бойынша іс қозғады. Кей іс «адам саудасы» бабы бойынша қаралуда. Билік Перу азаматтарынан түскен 36 шағымды тексеруде. Шағым иелерінің айтуынша, олардың туыстары мен таныстары Ресей Федерациясында жұмысқа орналастыру туралы жалған ұсыныстар арқылы алданғанын, кейін Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысқа мәжбүрлі түрде қатыстырылғанын айтуда. Бұл туралы прокуратура қаулысында да айтылған.

 

Перу Сыртқы істер министрлігінің өкілі CNN-ге берген мәліметінде, үкімет Ресей армиясындағы перуліктерге қатысты Мәскеуге кемінде 247 жеке ақпараттық сұрау жолдағанын және олардың елден тиісті рұқсатсыз кеткенін ескере отырып, Перу азаматтарын дереу әрі қауіпсіз түрде отанына қайтаруды талап еткенін хабарлады. Ресей тарапы «шетел азаматтарының Ресейдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға қатысу туралы шешімін құрметтейтінін» айтып, жауап қатқан.

 

Ақпарат көздерінің жазуынша, қазіргі уақытта Ресей жағында кемінде 800 перулік соғысып жүр. Олардың көпшілігі жоғары жалақыға қызығып әскер қатарына жазылған. Кейбірі алданып, соғысқа кетсе, енді бірі бопсаның құрбаны болған.

 

Әдетте келісімшартқа қол қойғаннан кейін 20 мың доллар көлемінде бонус, сондай-ақ айына 3–4 мың доллар жалақы уәде етіледі. Бұл әлеуметтік жағдайы ауыр перулік азаматтарды қызықтыратын жайт. Алайда көбі бұл қаржыға қол жеткізе алмайды.

 

Украин барлау қызметінің мәліметінше, Покровск маңындағы шайқастарда перуліктердің көп екенін аңғарған. Дрондар әскері Покровск бағытындағы ашық алаңның бірінде Ресей әскерінің 50-ден астам сарбазын жойған. Олардың 13-і перулік азамат болып шықты дейді Украина барлау қызметі.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар