"Жауынгер албастылар" әкелген ажал: Украин тыңшылары Ресейге соққы жасауда!

The Atlantic басылымы Украинаның арнайы операцияларын жүйелі ететін барлаушы топтар туралы жазды. Солардың бірі «Жауынгер албастылар» деп аталатын бейресми топ еді.


ChatGPT Image 21 июн. 2026 г., 22_34_58.png(Сурет ЖИ арқылы жасалды)

 

Басылым Ресейдің ішкі аумақтарына соққы жасауды бағыттайтын барлаушы топтың құрамындағылардан пікір алды. Әлбетте, олардың есімдері толық аталмады және суреттері жарияланған жоқ.

 

Сондай барлаушының бірі 35 жастағы офицер. Ол WhatsApp мессенджері арқылы Украинаның оңтүстік-шығысында орналасқан «Ахмад» жасағындағы қолбасшының бірімен хат алмасқан. Өзін украин аруы ретінде таныстырған. Олар күнделікті өмір туралы әңгіме айтқан. «Украин қызы» қолбасшыдан майдан даласында түскен суретін сұрап, ұрыстағы жағдай туралы да мәлімет жинап, фотосуреттерді жіберуін өтінген. Күндердің бір күнінде қолбасшы казармадағы суретін жіберген. Суретте сарбаздар, қолбасшы және казарма қабырғасында ілініп тұрған карта бейнеленген. Бұл карта арқылы бөлімшенің орналасқан жерін білуге болатын еді. Шындығында «украин аруының» есімі Сергей. Ол арнайы барлау жасағының бірінде қызмет етеді. Құпияларды анықтау тәсілін жақсы меңгерген маман саналады.

 

Сергей «Ахмад» жасағының қолбасшысынан ақпаратты білгеннен кейін, украин дрондары бірден жасақ орналасқан ғимараттарды соққы астына алған. Шабуылдан бөлімшенің жартысы шығынға ұшыраған.

 

Соғыстағы барлау бірнеше кезеңнен тұрады. Соққы жасайтын нысанды анықтау. Оны спутник және дрондар арқылы бақылау. Кибершабуылдар арқылы нысан туралы ақпаратты жинақтау және арнайы тыңшылар арқылы сол жинақталған ақпараттың рас-өтірігін нақтылау. Сарапшылар технология қанша дамыса да, дәстүрлі барлау әдістерінсіз операцияны жүзеге асыру қиын екенін айтуда.

 

Украина тарапы қазіргі таңда оккупациядағы аймақтарда қалған, Киевке лоялды тұрғындармен байланыс орнатқан. Олармен байланыс аса құпия негізде жүргізіледі. Кейде бұл әлеуметтік желідегі анонимді боттар арқылы пікір алмасу негізінде іске асады. Әр әңгімеден кейін жазба өшіріледі. Оккупациядағы украин азаматтары Киевке ресейлік әскери техниканың, әуе қорғаныс жүйелері мен бөлімшелердің орналасқан координаттарын дәл беруге тырысуда. Ақпараттар кейін бірнеше әдіспен тексеріледі.

 

Оккупациядағы аймақтарда Украинаның арнайы барлау қызметінің тыңшылары да жеткілікті. Олардың әрбірі жеке тапсырма алған және кураторларымен аз байланысады. Кейде құпия телефонды арнайы белгіленген орынға дрондар жеткізеді. Киев оккупациялық аумақтағы тыңшыларына тыңдау жүйесі жоқ, ресейлік тарап бақылай алмайтын ұялы байланыс жүйесін жеткізуге тырысады. Телефонға SIM-карта салынбайды. Өйткені сол арқылы жаңа телефонның қосылғанын анықтауға болады. Ақпаратты SIM-картасы жоқ телефонды интернетке қосу арқылы жөнелтеді.

 

Херсонда тыңшыларды дайындау орталығының бірі орналасқан. Онда Қырғи-қабақ соғыс кезінде кеңестік және натолық тыңшылардың әрекет ету тактикасы үйретіледі. Әр тыңшыға арнайы кітап табысталады. Ақпарат онлайн берілмейді. Тыңшылар кітаптарды оқығаннан кейін, оларды жоюға міндетті.

 

The Atlantic басылымы оккупациядағы аймақтарда әйел тыңшылардың көп екенін айтты. Олар жергілікті әкімшілікте, мектептер мен ауруханаларда, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда және басқада жұмыс істейді. Ресейге қызмет етсе де, Украинаның барлау жүйесіне бағынады. Ақпарат жинақтап, Киевке жіберіп отырады. Олардың жасы 20-дан басталып 65-70 жасқа дейінгі аралықты құрайды. Кейбірі әскери бөлімшелерге гуманитарлық көмек жөнелту ұйымдарына кіріп, белсенді еріктілерге айналады. Бұл ақпарат жинаудың таптырмас әдісі. Себебі әскерилерге көмек көрсететін белсенділердің чаттарында әскери ақпараттар мен құпиялар көп.

 

«Жауынгер албастылар» тобының кей мүшесі ресейлік сарбаздармен байланыс орнатып, ақпарат жинайды. Олардың сеніміне кіріп, әскери бөлімшенің ішкі көңіл-күйін анықтауға тырысады. Тиісті ақпаратты жинаған соң, тыңшы әйелдер ғайып болады. Ал ресейлік әскери бөлімшелерге күтпеген тұстан зымырандар мен дрондар соққы жасайды.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар