" /> " /> Ресейде еркек азайып, шаталар көбеюде...--Мезгіл ақпарат агенттігі

Ресейде еркек азайып, шаталар көбеюде...

Әуелі тақырыпқа тұздық ақпаратты айтайық — Германиядағы "Destatis" федералдық статистикалық агенттігі жуырда есеп қылыпты. Сөйтсе, Германиядағы жастардың 40%-дан астамы мигранттардың балалары болып шығыпты.

1779710799600079.jpeg

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Германияның көптеген ірі қалаларында балалар мен жасөспірімдердің жартысынан астамының тегі басқа елден келгендермен байланысты болып шыққан. Соның ішінде — түрік, сириялық, ауғандық, украиналық гендер анықталған.

Бұл көрсеткіш бүкіл Германия бойынша жастар арасында 42–43%-ға жетеді екен, ал ірі қалалардың кейбір аудандарында қазірдің өзінде 70%-дан асқан.

Осыны айтып, дабыл қаққан Германия үкіметті миграциялық ережелерді қатаңдатып жатыр...

РЕСЕЙДІ НЕ КҮТІП ТҰР?..

Енді солтүстіктегі сойы бөлек көршілеріміз — Ресейдегі жағдайды айтайық: Ресми сандар бүйдейді — 2026 жылғы есеп бойынша Ресейде қазір 6,1-6,8 миллион еңбек мигранты ресми тіркеулі. Олардың 72%-ы ТМД аумағынан барғандар. Соңғы жылдары мигранттар саны 10-15 пайызға азайыпты. Өткен жылдары (соғысқа дейін) бұл сан 7 миллионның үстінде болған екен.

Оның екі басты себебі бар:

Біріншісі - Ресей мигранттарға қойылатып талапты күшейтті. Орыс тілінен емтихан тапсыру міндеттелді. Орыс тілі мен тарихын білу міндеттелді.

Екіншісі - Украинаға қарсы соғысқа адам жеткізе алмай жатқан Ресей билігі дәл осы еңбек мигранттарын көптеп соғысқа жіберуде. "Ресейге жұмыс іздеп келіп, еркімізден тыс соғысқа жіберілдік", - деп жылап-сықтаған шетел азаматтары көбейген. Бұл Ресейді еңбек нарығы ретіндегі сенім кредитінен айыруда.

Ал енді Ресейде жүрген мигранттардың дені — Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанның азаматтары. Бұлардан бөлек — Беларусь, КХДР, Үндістан, Мяьнма, Куба, Ауғаныстан мен Африка елдерінен мигранттар жеткілікті. Бұлар Ресейде жүрген мигрант-азаматтары көбірек елдер. Анығы Ресейдегі мигранттар географиясы бұдан да кеңірек. Тіпті, соңғы жылдары Қазақстаннан да барып жұмыс іздегендер жиілеген.

Енді мына қызқыты қараңыз: Соңғы жылдары Ресейдегі қыз-келіншектер осы мигранттармен неке құруды жиілеткен. Соңғы 10 жылдықта мұндай еларалық некенің үлесі 15%-дан 35%-ға дейін өскен екен.

Бұның бірнеше себебі бар. Атап айтқанда:

Ең бастысы - Ресей еркектерінің азаюы. Статистикаға көз салсақ, Ресейде 40-45-ке дейінгі ерлер мен әйелдердің саны қарайлас болса, 40-45-тен асқан еркектер мүлде азайған. Барлары "белсіз". Ал орыс әйелдеріне күйлі-қуатты еркек керек. Сондықтан сұрасы, әсіресе ОА еркектеріне түсіп тұр екен.

Онан соң - Аралас некенің бір себебі материалдық игілік. Азаматтық алудың жеңіл жолы - жалған неке. Орыс әйелдері көбіне-көп мигранттармен ақылы некеге тұрып, азаматтық алуға, сөйтіп, Ресей аумағында еркін жүріп-тұруға көмектесуді бизнеске айналдырған.

Тағы бір себеп - глобализация және миграция өсімінен туған мультикультурализм тенденциясының ықпалы. Бұған Ресей қоғамындағы белең алған аморализм мен Ресей еркектерінің регрессиялануын жатқызуға болады. Сондықтан да, орыс әйелдері орыс еркектерінен безіне бастаған көрініс байқалады.

Бұдан басқа да себептер жетерлік, тізбелей берсек тіпті көп. Әзірге осымен тізгін тартайық...

Қазақта "Ойнастан туған оңбайды" деген сөз бар. Ресей әйелдерінің осылайша ойнасқа салынғанына қарап мынадай ой түюге болады-ақ: Қазақ "ойнастың ұрпақтарын" "шата" немесе "көрдемше" деп атапты. Қазақ "ойнастан туған ұрпақ опасыз болады" депті. Ал опасыздықтың ең үлкені - Отанға опасыздық! Ондай опасыздықты біз алдыңғы жылы далыйып жатқан Ресей билігі алақандай Украинаға қарсы соғысқа адам жеткізе алмай, мобилизация жариялағанда көрдік. Ресейден нөсерден кейінгі селдей жан-жаққа бытырай қашқандар - Отаны үшін, яғни Ресейі үшін қолдарына қару алудан қашқандар. Оларды "көрдемшелер" демей, не дейсің?.. Ал қазіргі Ресейдегі этно-демографиялық тенденцияға қарап отырып, Ресейді болашақта не күтіп тұрғанын болжап айту қиын емес...

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар