Шынжырланған шығанақ: Ормуз бұғатта, ал Фин шығанағында не болып жатыр?

АҚШ пен Иран арасындағы текетірес күшейіп, Ормуз бұғазы жабылып, Парсы шығанағы дүрбелең ошағына айналған сәтте, Еуропа аймағында да үлкен процесстер болуда. Фин шығанағына әскери сарапшылар назар аударуда. Фин шығанағына мұнай таситын ескі және жаңа танкерлер топтасуда. Атлантика бойынша кеңестің сарапшысы Элизабет Броу бұл жағдайға назар аударып, жағдайды «қауіпті» деп атады. Бұл туралы Politico басылымы жазды.


Finskij-zaliv-na-karte.jpg

 

Фин шығанағында Украинаның ресейлік порттарға шабуылынан кейін, ондаған танкер топтасып, порттарға кіру мүмкіндігін күтуде. Сарапшылар әлемнің маңызды энергетикалық бағыттарының қауіп ошағына айналғанына алаңдаушылық білдіруде.

 

7-сәуір күні Украинаның дрондары Ресейдің Усть-Луга портына тағы да соққы жасады. Порт Фин шығанағы маңында орналасқан. Украина аталған маңдағы Приморск портына да бірнеше мәрте соққы жасаған еді. «Центр» зерттеу орталығының мәліметіне сүйенсек, Ресей теңіз арқылы тасымалдайтын мұнайының 20 пайызын Усть-Луга, ал 22 пайызын Приморск порты арқылы жөнелтеді.

 

Киев мұнай бағасы қымбаттаған сәтте, Ресей шикізатты сату арқылы пайда табады деп қауіптенуде. Осыған байланысты Украина Ресейдің мұнай тасымалдау мүмкіндігін тарылтып, бюджетке қаржы түсімін азайтуды көздеуде. Украинаның порттарға шабуылы өз нәтижесін беруде. Соңғы апталарда Приморск және Усть-Луга порттарына кіретін танкерлер саны еселеп азайған. Приморск портына 10 сәуірде 2 танкер кірген. Ал 27-сәуірге дейін портқа басқа танкерлер кірмеуі мүмкін. Усть-Луга порты танкерлерді қабылдауды 6 есеге азайтқан.

 

Украинаның шабуылы Фин шығанағын екінші Ормуз бұғазына айналдыруда. Қазірдің өзінде Эстонияның экономикалық аймағында қырыққа жуық танкер топтасып тұр. Ал Фин шығанағындағы танкерлер саны тіпті көп. Бұл танкерлердің басым бөлігі ресейлік көлеңкелі флоттың кемелері саналады және санкцияға іліккен. Олар якорь тастап, портқа кіру мүмкіндігін күтуде. Ал кейбірі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Танкерлердің бір аймақта ұзақ тұруы экологияға кері әсер етеді дейді мамандар. Алайда Финляндия мен Эстония порттардың толыққанды жұмыс істеуі басталғанға дейін танкерлердің Фин шығанағында тұратынын айтты. Украина Ресейдің порттарына шабуылды үдетсе, Фин шығанағындағы танкерлер саны тіпті артуы мүмкін. 


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар