Таққа талас: Қос Кимнің қайсысы Кореяны басқарады?

Әлемдік БАҚ «Солтүстік Кореяда тақты кім алады» деген тақырып аясында ызу-қызу талқы жасап, болжамға жүгінуде. Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон мен Ким Чен Ынның қызы Ким Чжу Э үміткерлер арасында жиі есімі аталатын тұлғалар. Ким Ё Чжонның соңғы өткен партия сиезінде лауазымы жоғарылады.

1772623195334745.jpeg

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Сарапшылар Ким Чен Ынның қарындасы билікті қолына шоғырландыруға тырысып жатқанын айтуда. Ал Кимнің қызы медиада есімі жиі айтылатын тұлғаға айналды. Әкесімен бірге әскери шерулерге, жиналыстарға, зымыран сынақтарына, халықпен кездесулерге де қатысып жүр.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпараттық агенттігі Еңбекші партиясының IX сиезінде Ким Чен Ынның қарындасының лауазымы жоғарылағанын айтты. Ол билеуші партиядағы әкімшілік басқарманы өз қолына алған. Бұған дейін ол үгіт-насихат және пропаганда бөлімінің басшы орынбасары қызметін атқарды. Сонымен бірге, Ким Ё Чжон Билеуші партияның Саяси бюросына кандидат ретінде тіркелді.

Ким Чен Ын қарындасын көтермелей отырып, өзінің қызын да назардан тыс қалдырмауда. Ол 12-14 жастағы (нақты жасы белгісіз) Ким Чжу Э есімді қызын ел билеуге дайындап жатыр дейді ақпарат көздері. Соңғы рет Кимнің қызы 25-ақпанда өткен ауқымды әскери шеруде бой көрсетті.

Кимнің қызын билікке тарту әрекеті, Кимнің қызы мен қарындасы арасында таққа таласты туындатуы мүмкін. Telegraph газетіне сұхбат берген Оңтүстік Кореяның Ұлыбританиядағы бұрынғы елшісі Ра Чон Ыль солай дейді. Ал Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметінің бұрынғы директоры Хан Ки Бум бұл пікірмен келіспейді.

«Кимнің әйелі мен қарындасының арасында психологиялық бәсекелестік болуы мүмкін. Әйелі Кимді қарындасына қарсы қоюға да тырысуы ықтимал. Алайда Кимнің қарындасы ағасының айтқан сөзі мен бұйрығына бас иеді. Бұл қалыптасқан саяси қағида», - дейді Хан.

Ким Чен Ынның қызы әлі тым жас. Саяси мәселелерде дауыс беру құқығына ие емес. Сонымен бірге, Ким Чен Ын да әлі жас, денсаулығы жақсы, бабында. Сарапшылар «Ким тақ мұрагерін анықтауға асықпайды» деп санайды. «Қызын ел басқару ісіне ерте үйретуді қаласа да, өзі тақта әлі ұзақ отырмақ» дейді мамандар.

Кей сарапшылар Ким Чжу Э биліктің жаңа буынын білдіретінін айтуда және жастарды саяси үгіт-насихатқа қосу үшін қолданылады деп топшылауда. Ал билікті Ким Чен Ын әлі тым кішкентай ұлдарының біріне қалдырады дейді.

Қос Кореяны біріктіру министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Чон Джун Хидің сөзінше, Ким Чен Ын өз қызының беделін өсіруді жалғастыратын болады. Оның сөзінше, «егер күндердің бір күнінде Кимнің қарындасы оның қызына қарсы шықса, Ким Чен Ын қатаң шешімдер қабылдайтын болады» дейді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар