Опасыз Мәсімов Джеффри Эпштейнмен тұрақты түрде байланыста болған. Депутат не дейді?

1772015756546135.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

ИВАН ВАСИЛИЧ: «ПЕТЬКА, ЖОҒАЛ, ЖОҒАЛ АМАН‑САУЫҢДА!»

Қазақ ССР‑і кезінде өмір сүргендер мына бір анекдотты жақсы біледі: «Бір күні соғыса‑соғыса шаршаған Иван Васильевіш Шапаев өзінің шабарманы Петьканы шақырып, оған: «Петькажан, соғыстан шаршадық, бұ дүниенің қызығын көре алмай, бір күні тырапай асып, өліп қалсақ не болады? Бүгін бір демалыс болсын, сен маған бет ашылмаған қыз  тауып әкелсейші», - дейді ғой.

Иван Василіш айтты бітті, бұйрық – Петька заулай жөнеледі... Қанша уақыт өткенін кім білсін, бір уақытта алтын бұрымды бір сұлуды дырылдатып сүйреп келіпті. Басындағы будденовкасы теріс айналып кетіпті, оны түзеуге шамасы келмей: «Василиш, Василиш, таптым! Міне, беті ашылмаған қыз екен, өзі сұлу, беті ашылмаған, өзім тексеріп көрдім», - дейді ғой...

Оны естіген Иван Василиш: «Петька, маңдайыды оқ теспей тұрғанда жоғал!» деп айқай салыпты. Не болғанын ұқпаған Петька зып береді, зытып бара жатып: «Қызық. Бұйрығын мүлтіксіз орындаймын, сонда да жақпаймын», ‑ деп күбірлеп бара жатыпты...

Тура сол Петьканың бүгінгі замандағы прототипі АҚШ мемлекетінде өмір сүріп жатыр екен. Оның аты жөні – Джеффери Эпштейн. Оның да тірлігі тура Петьканың тірлігінен бір аумайды‑ау: ол да «беті ашылмаған» қыздарды таңдап жүріп тереді, одан кейін жас қыздармен қыдырсақ деп армандап жүрген әлемдегі педофил бай‑бағланды табады, сөйтіп, оларды өзінің курортына, не, яхтасына шақырып: «Міне саған қыз, шартым: «Сен – маған, Мен – саған», - дейді... Сөйтіп, бүгінгі заманның «командорлары» оның алдында «сылқ етіп» құлайды... Не сұраса да бейіл...

Бірақ, Эпштейн ақымақ емес, ол бай‑бағланды сүретке түсіреді,  онысын файлға салып реттеп‑қаттап қояды... «Ал, енді құтылып көрсін», - деп миығынан күледі...

Оның қақпанына кімдер түспеді десеші?! Арасында небір дүлділдер жүр ғой. Тіптен, қазіргі АҚШ президенті Трамптың да одан басы қатып жатыр...

Міне, осы Петька‑Эпштейннің алтын қорын құрайтын тізімде өзіміздің қазақстандық «элита» өкілдері бар екендігі анықталып отыр. Оны Мәжіліс депутаты Асхат Рахимжанов өзінің Бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына депутаттық жолдаған сауалында көрсетіпті. Депутат қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланыстары туралы ақпаратты тексеруді талап етіп жатыр...

Өз сөзінде мәжілісмен әлемдік саяси аренаны «Эпштейн файлдары» деп аталатын материалдардың жариялануына қатысты жанжал әлі де дүр сілкіндіріп отырғанын айтты. «Жетекші демократиялық державалар бұл жанжалға қатысы бар тұлғаларға қатысты парламенттік тергеулер мен қылмыстық қудалауларды бастап кетті. Бізге де бұл тақырыпты жылы‑жауып қоюға болмайды», біз ‑ Қазақстан азаматтары «ел тағдыры кімдердің қолында болғанын және олардың күмәнді жабық клубтарда сауда нысанына айналмағанын, алаяқтарға тәуелді болған‑болмағанын білуге құқылымыз» ‑ деп түйіндейді сөзін Асхат Рахымжанов

«Эпштейн файлдарында» Қазақстаннан Масимов пен Келімбетов аттары кездеседі

Депутаттың сауалында жарияланған материалдарда «ескі Қазақстан» деп аталатын саяси элитаның өкілдері аталғаны көрсетілген. Атап айтқанда, ол қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет ету ісі бойынша жазасын өтеп жатқан бұрынғы премьер-министр әрі ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті атады: «Кәрім Мәсімов жазбаларда кемінде 8 рет аталады. Жазбалардан Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны тікелей көрінеді».

Осыған байланысты, депутат мынадай сұрақтарды көтерді:

1. «Қазақстандық жоғары лауазымды шенеунікке Эпштейнмен кездесулерді бастау не үшін қажет болды және бұл кездесулер қай жерде өтті?

2. Кәрім Мәсімовке қандай да бір жаза қолдану қарастырыла ма?

Иә, Қазақстан халқы осы сұраққа нақты жауап алуға толық құқылы. Себебі, жүздеген жылдар бойы армандаған Тәуелсіздігімізге қауіп сырттан емес, отыз жылдай мемлекеттімізді басқарған саяси элита ішінде болғаны – біз үшін үлкен ескерту болуы тиіс. Оған дер кезінде құқықтық баға берілмесе ‑ оның қайталанбасына кім кепіл бола алады? 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар