Қысқы Олимпиада аяқталды: Қазақстан туы Шайдоровтың қолында! (фоторепортаж)

Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Михаил Шайдоров Қазақстан туын ұстап шықты.

1771842477945073.jpg

(Суреттер: Сали Сабиров / olympic.kz, reuters.com)

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатрында ұйымдастырылды.

Спортшылар шеруінде Қазақстан туын алтын медаль иегері, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ұстап шықты.

Бұл Олимпиадада Қазақстан атынан 36 спортшы 10 спорт түрінен сынға түсіп, бір алтынмен медаль кестесінде 19-орын алды.

Салтанат соңында Олимпиада туы Францияға табысталып, 2030 жылғы Қысқы ойындардың осы елде өтетіні жарияланды. 2026 жылғы Олимпиада алауы Людовико Эйнауди әуенімен сөндірілді.

Біз Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатынан бірнеше кадр ұсынғанды жөн көрдік...

ФОТОБАЯН

1771842145453588.jpg

(Сурет: Сали Сабиров / olympic.kz)


1771842196701629.jpg


1771842209583075.jpg


1771842224977058.jpg


1771842238954896.jpg


1771842250626497.jpg


1771842263797741.jpg


1771842278145053.jpg


1771842292998233.jpg


1771842304891514.jpg


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар