Жастар мемлекетті өз қолына алғанда...

Міне, 2026 жылға қарай Ресей мен Украина арасындағы кескілескен соғысқа төрт жыл толып отыр. Осы бір қасіретті күнге орай, біз өзекті деректер негізінде Ресей мен Украинаның үкіметтік және әскери құрылымдарындағы негізгі басшылар мен жоғары лауазымды тұлғалардың жас ерекшелігі бойынша салыстырмалы талдау жасап шықтық. Нәтижесінде, өте маңызды бір ақиқатттың беті ашылғандай болды...

1771841275275042.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Сонымен, төмендегі шындыққа назар аударыңыздар:

1. Мемлекет басшылары

Ресей:

Президент — Владимир Путин — 7 қазан 1952 ж.т. — 73 жас (шамамен)

Украина:

 Президент — Володимир Зеленский — 25 қаңтар 1978 ж.т. — 48 жас

Салыстыру:

 Путин Зеленскийден шамамен 25 жас үлкен. Ресей президенті – саясаткерлердің аға буынының өкілі болса, Украина басшысы – мемлекет жетекшілерінің жас буынына жатады.

2. Сыртқы істер министрлері

Ресей — Сергей Лавров — 21 наурыз 1950 ж.т. — 75 жас

Украина — Сыртқы істер министрі — Андрий Сибига (2026 ж. жағдай бойынша қызметте)

Салыстыру:

Ресей СІМ басшысы украиналық әріптесінен шамамен 20–25 жас үлкен.

3. Қорғаныс министрлері

Ресей: — Андрей Белоусов  — 17 наурыз 1959 ж.т. — 66 жас

Украина: — (2025 жылға дейін) Рустем Умеров — 19 сәуір 1982 ж.т. — 43 жас. Қазір  Михаил Федоров  21 қаңтар 1991 ж.т. — 35 жас

Салыстыру:

 Ресейдің қорғаныс министрі украиналық әріптесінен шамамен 25 жас үлкен. Соңғы жылдары Украина қорғаныс саласында жас буын жетекшілеріне басымдық беріп келеді.

4. Бас штаб / армия қолбасшылары

Ресей: Бас штаб бастығы — Валерий Герасимов — 8 қыркүйек 1955 ж.т. — 70 жас

Украина: Бас штаб — Андрей Гнатов

Салыстыру:

Ресейдің жоғары деңгейдегі генералдық корпусы айтарлықтай жасы үлкен — басым бөлігі 65–70 жас шамасында. Ал украиналық генералдар негізінен 50–55 жас аралығында.

5. Сыртқы / әскери барлау басшылары

Ресей: Бас барлау басқармасының (ГРУ) жетекшісі — Игорь Костюков — нақты жасы ашық көрсетілмейді, шамамен 55–60 жас деп бағаланады.

УкраинаГУР / әскери барлау басшысы — Кирило Буданов — 4 қаңтар 1986 ж.т. — 40 жас

Сыртқы барлау қызметінің басшысы (2026 жылға дейін) — Олег Ивашченко — 9 қыркүйек 1969 ж.т. — 56 жас

Салыстыру:

Украинадағы әскери барлау басшылығы орта есеппен ресейлік әріптестерінен жас. Мысалы, Буданов небәрі 40 жаста, ал Ресей барлау құрылымдарының жетекшілері көбіне 55–60 жас шамасында.

а 1.png

Негізгі қорытындылар:

1. Ресейдің саяси және әскери басшылығы жалпы алғанда украиналық әріптестерінен едәуір жасы үлкен. Әсіресе, Ресейде жоғары әскери-саяси лауазымдарда 70 жастан асқан тұлғалар көбірек.

2. Украинада саяси-әскери элита айтарлықтай жас — негізгі тұлғалардың көбі 40–55 жас аралығында. Яғни, Украина басшылығы Ресейден шамамен 10‑25 жасқа кіші. Бұл соғыс жағдайында басқару жүйесінің жаңару үрдісін көрсетеді.

3. Екі елдің кадрлық саясаты әртүрлі модельді аңғартады: Ресейде ұзақ мерзімді мансаптық қызмет пен аға буын элитасын сақтау басым болса, Украина соңғы жылдары қорғаныс пен барлау саласына жас жетекшілерді белсенді түрде тартуда.

Осы таблицадан өз тәуелсіздігін құрғап жатқан Украинаның мемлекеттік және әскери басшылығында тәуелсіздікпен бірге өсіп‑жетілген жас саяси буын өкілдері  отырғанын көреміз. Олардың бәрі дерлік ағылшын тілін меңгерген, батыстың саяси және әскери оқу орындарында білім алған және тәжірибе жинақтаған мамандар. Сондықтан, осыдан төрт жыл бұрын, таңғы сағат төртте Ресей ұйқы құшағындағы Украинаға кенеттен соғыс ашып,  Киевті қоршауға әрекеттенгенде Украина әскері тез арада жағдайды дұрыс бағалай алды, қолдағы бар қаруын пайдалана отырып, Ресейдің үздік десанттық‑шабуылдаушы әскерін талқандады. Сөйтіп, бір аптаға жоспарланған Арнайы соғыс операциясын болдырмай, соғысты «созылмалы қорғаныс» түрге ауыстырды.

Екі ел арасындағы информациялық майданда да олар қарсыластарын артқа тастап, бүкіл Еуропа елдерін өз жағына қарата алды. Ал, Ресейдің «ескі гвардиясы» бұрынғы «советтік риториканы» өзгерте алмады. Өз тарапынан «соғыстың пайда болуы себептеріне» халықаралық қауымдастықтың көзін жеткізе алмады.

Редакциядан:

Міне, осы тұрғыда бір ғана қорытынды сұранып тұр: ‑ Мемлекетті өз заманымен бірге туған, сол заман талабымен біте қайнап өскен ұрпақ басқарса – ол мемлекеттің небір қауіп қатерлерден аман қалу, соғыста жеңіп шығу мүмкіндігі жоғары болады деген...

Бұл бізге де сабақ болатын нәрсе: Күш пен күш қарсы келсе – жастар жеңеді, әрине!

Әбдірашит Бәкірұлы, философ

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар