Украина президенті Владимир Зеленский ВВС News-ке» көлемді сұхбат беріп, келіссөздер мен майдан жаласындағы ахуал жайлы егжей-тегжейлі сөз қозғапты. Біз Mezgil.kz порталы оқырмандарына президент Зеленский айтқан маңызды мәлімдемелерге шолу ұсынамыз...

(Сурет: bbc.com)
«МЕН ДИКТАТОР ЕМЕСПІН ЖӘНЕ СОҒЫСТЫ МЕН БАСТАҒАН ЖОҚПЫН!»
Украина президенті Зеленский «ВВС News-ке» берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұрынғы айыптауларын, атап айтқанда Зеленскийді «соғысты бастаған диктатор» деп атағанына жауап беріпті...
«Мен диктатор емеспін және соғысты мен бастаған жоқпын, болды», — деп қысқа қайырды Зеленский. Ал Трампқа сенетін-сенбейтіні туралы сұраққа Зеленский «мәселе тек Ақ үй басшысында емес, жалпы АҚШ-та екенін» айтты. Мысалы, Украина 30 жылға қауіпсіздік кепілдігін алғысы келеді, ал бұл уақыт ішінде саяси элита бірнеше рет ауысады. Сондықтан Конгресстің шешімі қажет.
«Олар Конгрессте жайдан-жай дауыс бермейді. Бұл тек президенттерге байланысты емес. Конгресстің шешімі керек. Өйткені президенттер ауысады, ал институттар қалады», — деп толықтырды Зеленский.
СОҒЫС ЖЫЛДАМ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН БЕ?
Президент Зеленский соғыстың аяқталуы мерзіміне қатысты бүйдейді:
«Украинадағы соғыс бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін бе? Жоқ! Бұл екі параллель. Сіз Ресеймен ғана емес, көптеген лидерлермен шахмат ойнайсыз. Бір ғана дұрыс жол жоқ. Көптеген параллельді қадамдарды, параллельді бағыттарды таңдауға тура келеді. Осы параллельді жолдардың бірі сәттілік әкеледі деп ойлаймын. Біз үшін сәттілік — Путинді тоқтату», — деді Зеленский.
Украина президенті өз сөзінде Путиннің бұл соғысты аяқтау ниеті жоқ екенін айтып: «Ол соғыстың тоқтағанын қаламайды. Бірақ «қаламайды» дегені оны жасамайды дегенді білдірмейді. Құдай сәтін салсын. Құдай қаласа, біз жеңіске жетеміз», — деп түйіндеді президент.
«САЙЛАУҒА ТҮСУІМ ДЕ, ТҮСПЕУІМ ДЕ МҮМКІН!»
Зеленский президенттік сайлауға қайта түсетін-түспейтінін әлі шешпегенін айтты. Одан әрі ол сайлау өткізуге байланысты туындауы мүмкін бірқатар мәселелерді қозғады (миллиондаған украиналықтар шетелде босқын ретінде жүр, елдің едәуір аумағы Ресейдің оккупациясында).
«Егер бұл соғысты тоқтатудың шарты болса — онда жасайық. Мен: «Шынымды айтсам, сіздер сайлау мәселесін үнемі көтересіздер», — дедім. Мен серіктестеріме айттым: «Сіздер бір нәрсені шешіп алуларыңыз керек: менен құтылғыларыңыз келе ме, әлде сайлау өткізгілеріңіз келе ме? Егер сіздер сайлау өткізгілеріңіз келсе (тіпті қазір маған мұны ашық айтуға дайын болмасаңыздар да), онда бұл сайлауды әділ өткізіңіздер. Оны ең алдымен Украина халқы мойындайтындай етіп өткізіңіздер. Сондай-ақ сіздер де бұл сайлаудың заңды екенін мойындауларыңыз керек», — дедім», — деді Зеленский.
ЗЕЛЕНСКИЙ ҺӘМ ПУТИНДІ ЖЕҢУ
Украина президенті «ВВС News-ке» берген сұхбатында «жеңіс дегеніміз — украиналықтар үшін қалыпты өмірді қалпына келтіру және адамдардың өлімін тоқтату екенін» атап өтті.
«Меніңше, бүгін Путинді тоқтату және оған Украинаны басып алуға жол бермеу — бүкіл әлем үшін жеңіс. Өйткені Путин Украинамен тоқтап қалмайды», — деді Зеленский.
Сондай-ақ, ол Украинаның оккупацияланған аумақтарды қайтаратынына сенімді — оның ойынша, бұл тек уақыт мәселесі.
«Қазіргі уақытта бұл мүмкін емес, бірақ 1991 жылғы әділ шекараларға оралу — күмәнсіз, тек жеңіс қана емес, сонымен бірге әділдік. Украинаның жеңісі — бұл біздің Тәуелсіздігімізді сақтап қалу, ал бүкіл әлем үшін әділдіктің жеңісі — барлық жерлерімізді қайтару», — деп баса айтты Зеленский.
ДОНБАСС ЖЕРІ. ЗЕЛЕНСКИЙДЛІҢ МЫЗҒЫМАС ПОЗИЦИЯСЫ ҚАНДАЙ?
«Мен бұған тек территория ретінде қарамаймын. Мен мұны сатқындық деп білемін — бұл біздің позициямызды әлсірету, сол жерде тұратын жүз мыңдаған адамымыздан бас тарту. Мен мұны осылай көремін. Және мұндай «әскерді шығару» біздің қоғамды ірітетініне сенімдімін», — деді Украина президенті.
«Донбасстың берілуі Путинді қанағаттандыра ма?» деген сұраққа Зеленский: «Оған үзіліс керек, бірақ ол күш жинап алған бойда — еуропалық серіктестеріміз шабуылдайды. Бұған үш жылдан бес жылға дейін уақыт кетуі мүмкін дейді, ал меніңше, ол екі жылдан аспайтын уақытта қалпына келе алады. Оның соғысты жалғастырғысы келетіні — факт», — деді Зеленский.
ЗЕЛЕНСКИЙ: ПУТИН ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫ БАСТАДЫ!
Президент Зеленский сұхбатында: «Мен Путин үшінші дүниежүзілік соғысты бастап қойды деп есептеймін. Мәселе тек оның қанша аумақты басып алатынында және оны қалай тоқтатуға болатынында... Ресей әлемге басқа өмір салтын таңғысы келеді және адамдардың өздері таңдаған өмірін өзгерткісі келеді», — деп мәлімдеді.
Mezgil.kz