Кеше Женевада Украина, АҚШ пен Ресей делегацияларының кезекті келіссөздері аяқталды. Нәтижесі көңіл көншітерліктей емес. Ресей Украинаға қарсы әуелгі талабынан бас тартпаған. Ол талабы - «Украина Донецкі облысынан толық шығып кетуі, облысты толық Ресейге беруі керек», - деген талап. Украина бұған үзілді-кесілді қарсы…

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)
Украина, АҚШ, Ресей тараптарының әзірге: «Келіссөздер айтарлықтай өнімді өтті. Біраз мәселелер бойынша ілгерілеу бар», - дегені сөздің ретінде айтылатын әңгіме боп тұр. Жер мәселесі - президенттердің тікелей келіссөзінсіз шешілмейді. Оған қазір Путин құлықсыз. Түрлі сылтау айтып, қашқақтап жүр.
ЖЕНЕВАДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ!
«The New York Times» басылымы аталған кездесуде талқыланған мәселелер төңірегінде былай деп жазады: «Соңғы апталарда АҚШ бастаған келіссөздер барысында Ресей мен Украина өкілдері Донецк облысында Ресей немесе Украина Қарулы Күштерінің бақылауында болмайтын демилитаризацияланған аймақ құру идеясын талқылады», - дейді.
Басылым өз материалында Ресей соғысты тоқтату шарты ретінде Украинадан Донецк облысын толық беруді талап етіп отырғанын жазады. Бұл ұсыныстың екі тарап үшін де қолайлы болуын қамтамасыз ету үшін келіссөз жүргізушілер демилитаризацияланған аймақта еркін сауда аймағын құру мәселесін және соғыстан кейін аймақты басқару үшін демилитаризацияланған аймақта азаматтық әкімшілік құру идеясын да талқылаған. Болжам бойынша әкімшілікке Ресей мен Украина өкілдері кіруі мүмкін.
Ал Абу-Дабиде өткен келіссөздер кезінде украин өкілдері Ресей Қарулы Күштерін майдан шептерінен ішінара шығару нұсқаларын талқылаған.
РЕСЕЙДІҢ ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ?
Женевадағы келіссөздер қызу жүріп жатқан уақытта Ресей НАТО-дан шығысқа қарай жылжу жоспарынан ресми түрде бас тартуын талап етіп, хат жолдап жатыр. Сонымен қатар, Ресей билігі 2008 жылғы Бухарест саммитін күшін жоюды талап етіп отыр, онда НАТО елдері Украина мен Грузия болашақта одақтың мүшелері болуы керек деп келіскен.
«Бұл ережелерді заңды түрде кодификациялау қажет, себебі НАТО мүшелерінің бұрын берген кеңеюге қарсы барлық ауызша уәделері ұмытылып, қолайлы сәтте еленбейді», - дейді Ресей тарабы.
ПУТИН ТАҒЫ 2 ЖЫЛ СОҒЫСПАҚ!
Ал Батыс барлау қызметі: «Путин Донбасс үшін тағы екі жыл бойы күресуге дайын», - деп мәлімдеді.
«The New York Times» басылымы: «Ресей президенті Владимир Путин соғыста жеңіске жететініне сенімді және Донбассты толық бақылауға алу үшін оны жалғастыруға дайын», деп жазады.
Басылым мәліметінше, Донецк аймағын басып алу тағы 1,5-2 жылға созылса да, Путин Украинаның инфрақұрылымы мен тұрғын үйлеріне жасалған әрбір соққылардың Ресей армиясының артықшылығын арттыратынына сенімді.
Путин шығындар мен армияның аз ғана ілгерілеуіне қарамастан соғысты жалғастыруға дайын. Өткен жылы «CSIS» есептеулері бойынша, Ресей Бас штабының генералдары Украина аумағының тек 0,8%-ын (4 831 шаршы шақырым) бақылауға ала алған. Бұл өткен жылы 0,6%-ды құраған. Сонымен қатар, 2022 жылдың ақпан айынан бастап Ресей әскері 1,2 миллион шығынға ұшырады, оның ішінде 325 мың адам қаза тапты. Бұл Кеңес армиясының Ауғанстандағы шығындарынан 17 есе, екі шешен соғысы кезіндегі шығындардан 11 есе және 1945 жылдан бері Ресей мен КСРО арасында болған барлық соғыстардан бес есе көп.
Mezgil.kz