Жаһандық БАҚ түлкі көрген бүркіттей шүйіліккен Мюнхен қауіпсіздік конференциясында не туралы әңгіме болды?

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)
Ел-жұрт құлағын түрген Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі биылғы жылдың ең басты форумы үзіліссіз һәм дау-дамайсыз өтіп, жексенбі күні өз мәресіне жетті. Жыл сайын өтіп тұратын биылғы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында не мәселелер қозғалды деген сауал бәрімізді де қызықтыратыны анық. Дегенмен, тікелей қойылған бұл сауалға жауап берген шақта, оны былтырғы Мюнхенмен салыстырсақ, құда да тыныш, құдағи да тыныштың кері болды.
Иә, биылтырғы жылы әлем Ақ үйге енді ғана оралған Дональд Трамптан нені күтуге болатынын болжай алмады, ал конференцияның тақырыбы көпполярлық болып таңдалды: ұйымдастырушылар дайындаған «Мюнхен есебінің» мұқабасында түрлі-түсті жамау-құраудан тұратын жер шары суреттелген-тін.
Бірақ сол Мюнхен АҚШ-тың вице-президенті қызметіне енді ғана кіріскен Джей Ди Вэнстің сөзімен есте қалды. Өйткені, ол Трамп кезінде бейбітшілік бұрынғысынша болмайтынына жұрттың көзін айқын жеткізді. АҚШ жуан жұдырығын білемдеудің басым бөлігі Еуропаға бұйырды: америкалық мейман көші-қон және сөз бостандығы проблемалары Ескі құрлыққа Ресей мен Қытайдан гөрі қауіп төндіретінін айтып, Штаттар еуропалық құрлықты қорғауға қаржы салуды бұдан былай хош көрмейтінін ашық күнгі найзағайдай төбеден жай түсірді.
Өткен жыл Американың жаңа әкімшілігі шынымен де өз идеалына қарай әлемді қайта құрып, қайыра түзеуге қаржы салуға ниетті екенін көрсетті. Трамп және оның жандайшаптары әлемнің басқа елдеріндегі ішкі және халықаралық саясат институттарын жойып, олардың орнына қоғам мен уақыт рухына сай келетін жаңа институттар пайда болады деген ұмтылысты ту етіп желбірете көтерді.
Дәл аталған конференцияның алдында шыққан «Мюнхен есебі» осы жаһандық қиратушыларға арналды. Олар бізге, әсіресе ОА-ға, ұнаса да, ұнамаса да, әлемге бәрінен де зор әсер етіп, жер шарының жағдайы бұдан әрі не болады деген әрі-сәрі күйге қалдырды.
Бірақ Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Американың ең ғибадаттық ғимаратының тарихи бөлігі – Ақ үйі – оның орнына жаңа және тамаша бал залын салу үшін бөлшектелетін жағдаят та осы есеп беруде сөз болды. Ал екінші мәселе – 1945 жылдан кейін орнатылған бұлжымас ережеге негізделген әлемдік тәртіп осы қиратушылардың есалаң тірлігінен бұзылғанда, біздің көз алдымызға әлем аяқ астынан ғайып болатындай көрінді.
Бұл үрдістердің геосаяси тұрғыдан көрініс табушылығының бір парасы – Батыс демократиялары арасындағы соңғы онжылдықтар ішінде көбінесе әлемдік құрылымдылықпен сақталған трансатлантикалық байланыстардың үзілуінен танылды. Вашингтонның Еуропаға қатысты ұстанымын бұдан басқаша түсіндіру мүмкін емес қой, әрі АҚШ-тың (немесе Дональд Трамптың жеке өзі) одақтастардың ұстанымына қарамастан, Гренландияны бақылауға алу ниеті төңірегіндегі қақтығыстың әуелі жасындай жарқылдап, кейін кенеттен өшіп кеткені қаншалықты түсініп болмайтын болжамдар мен долбарлауды туғызып отыр.
Mezgil.kz