Ресей хакерлерінің хаосы: Тоқтаған пойыздар, істен шыққан энергия көздері мен су қоймалары!

Cоңғы жылдары Ресейдің Еуропа елдеріне қарсы арандату сипатындағы операциялары артты. Бұл киберкеңістіктен бастап, экономикалық салаға дейінгі аралықты қамтуда. Мәскеу Балтық елдері, Польша, Германия және басқа елдерге қарсы арандату операцияларын, диверсиялық миссияларды іске асыруда. The Economist басылымы бұл туралы кеңінен жазды.


ChatGPT Image 11 февр. 2026 г., 14_54_10.png(Сурет ЖИ арқылы жасалды)

 

Польша Ресей тарапынан ең көп арандатуға ұшыраған елдің бірі. Теміржол желісіндегі диверсия, белгісіз дрондардың Польша әуежайларында байқалуы және басқаны Варшава Кремльмен байланыстыруда. 29-желтоқсанда Польшаның бірден 30 энергия нысанына кибершабуыл жасалды. Бұл бірқатар қалада блэкаут туындатты және мыңдаған адамды жарық пен жылусыз қалдырды. Осылайша Ресей Украина аумағынан бөлек, Еуропа елдеріне де жанама соққы жасауға тырысуда.

 

Dragos компаниясы киберқауіпсіздік саласын зерттеумен айналысады. Компания желтоқсан айындағы Польшаның энергия көздеріне жасалған кибершабуылды үлкен, жоспарланған операция деп санайды. Польша 29 пайыз энергияны қайта өңделген көздерден алады. Қылмыскерлер компьютерлік жүйе мен нысан арасындағы байланысты бақылауға алып, бірқатар құрылғыны толық істен шығарған. Поляк билігі шабуылды дер кезінде тойтара білгенін айтуда.

 

Сарапшылар осы оқиғадан үлкен тұжырым шығатынын айтуда. Ресей Еуропа аумағына кибершабуылды арттырған. Ресейлік хакерлер жылдар бойы ықтимал қарсыластың компьютерлік жүйесін бұзумен келеді. Құпия ақпараттарды ұрлауға тырысады. Украина аумағында ашықтан ашық кибершабуылдары 2015-2016 жылдары өткізді. Ал Еуропа аймағында жасырын шабуылдарды іске асыруға тырысады.

 

2023 жылы Ресеймен байланысы бар хакерлік топтар Польшадағы теміржол жүйесіне жалған сигнал жіберді. Салдарынан 20 пойыз уақытша тоқтатылды. Артынша дәл осы хакерлік топ Чехияда осы әдісті қайталады. Екі сәтте де, пойыздар Украина бағытына қарай жылжыған еді. Кейбірі әскери жүк тасыса, енді бірі гуманитарлық көмек әкеле жатты. Ресей кибершабуыл ауқымын арттырды. 2024 жылы хакерлер Франциядағы жеке су диірменіне шабуыл жасады. Олар нысанды Франциядағы мемлекеттік су қоймасымен шатастырған. Ал 2025 жылдың соңында Норвегиядағы су қоймасының басқару жүйесіне шабуыл жасап, су қоймасы 4 сағат бойы жүйесіз негізде су жіберумен болды.

 

Сарапшылар Польшаға кибершабуылды «Sandworm» жасағы жүзеге асырған деп санайды. Бұл Ресейдің Бас барлау басқармасындағы бір жасақ. Олар кибершабуылды бір мезетте бірден бірнеше нысанды істен шығаруымен танымал. Алайда поляк билігінің шенеуніктері шабуылды Федералды қауіпсіздік қызметінің өкілдері жасаған дейді. Ол «Berserk Bear» жасағы болуы ықтимал. Федералды қауіпсіздік қызметі көбіне тыңшылық мақсатында кибершабуылдар жасайды. Алайда қандай да бір нысанды істен шығару мақсатында кибершабуылдар жасауы сирек. Threat Intelligence Group компаниясының сарапшысы Джон Халтквист Польшаға жасалған шабуылдарға қарап, «Федералды қауіпсіздік қызметі өзінің миссиялық ауқымын кеңейтті» деп санайды.

 

Ресейдің хакерлік шабуылдары Еуропа елдерін алаңдатып отыр. Ресейдің арнайы бөлімшелеріндегі хакерлер ұзақ жылдар бойы Еуропаның мыңдаған нысанын бақылауға алып, құпия құжаттарды қолды етуге тырысып келеді. Сарапшылар Мәскеу бір мезетте жүздеген нысанға кибершабуыл жасап, хаос туындатуы ықтимал деп топшылайды. Мамандар Еуропа елдері де Ресейдің мыңдаған нысанын бақылауға алғанын айтуда. Алайда кибершабуылдық операциялар құпия негізде іске асады дейді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар