Қуатты Стугна, дәл тиер Богдана: Украина жаппай қару сатуды бастайды!

Украина өзі шығаратын қару түрлерін сатуды бастайды. Еуропа аймағында қару экспорттайтын орталықтар ашпақ. Киев өзінің соғыста нәтиже көрсеткен қаруын сатып, орнына өзге қару түрлерін сатып алмақ.


ChatGPT Image 10 февр. 2026 г., 15_31_15.png

 (Сурет ЖИ арқылы жасалды)


Украина қару экспортына арналған 10 орталық ашуды ойластыруда. Бұл туралы ел басшысы Владимир Зеленский айтты. Алғашқы орталық Германияда ашылады. Өйткені жақын күндері Германияда украин дрондарын шығаратын зауыттың тұсауы кесілмек. «Ақпанның орта шегінде біздің дрондарымыз Германияда шығарыла бастайды. Мен алғашқы дронды таныстыратын боламын. Бұл нақты жұмыс істейтін жүйе болмақ», - дейді Зеленский. Украинаның дрондарын Ұлыбритания елі де шығаруды бастады. Лондон мен Киев дрон өндірісін бірлесе дамытуға уағдаласқан еді.

 

Зеленскийдің сөзінше, қазіргі таңда Украинада дрон шығаратын 450-ге жуық кәсіпорын бар. Олардың ішінде 50 кешенді аса жоғары деңгейде деп айтуға болады дейді Украина басшысы. «Көп ел біздің қару саламызға инвестиция салуды қалайды. 2026 жылы біздің әскери технологиямызға көптеген инвестиция құйылады деуге болады. Ең алдымен бұл дрондар өндірісіне қатысты болып отыр», - дейді Зеленский. 

 

2025 жылдың күзінде Зеленский отандық қаруды экспортқа шығаратынын айтты. Соғыс басталған сәтте, қару сатуға тыйым салынған еді. Зауыттар жаңа қаруды бірден майдан даласына жіберумен болды. Алайда 2023 жылдың орта шегінен бастап Украинаның дрон саласы аса жоғары қарқынмен дамуда. Сарапшылар дрондар өндірісін арттырып, оны экспортқа шығарып, артынша түскен қаржыға өзге қару түрін сатып алуды ұсынды. Қазіргі таңда Украинада 800-ге жуық қару шығаратын кешен бар. Зауыттардың кейбірі қару өндірісінде профицитке қол жеткізген. Соңғы ақпарат бойынша Украина жылына 4 млн дана дрон шығара алады. Ал инвестиция көлемі артса, бұл нәтижені екі есеге еселеуге болады.

 

Украинадағы қару өндіретін кешендер ел президенті Зеленскийден қару экспортын ашуды сұраумен келеді. Осы арқылы компаниялар көбірек пайда табуды ойластыруда. Ақыры Киев «шектеулі экспорт» жүйесін мақұлдады. Ол бойынша Киев қандай қару сататынын және қайда сататынын бақылайтын болады.

 

Украина Furia (A1-CM) барлау дронын, Leleka-100 барлау дронын,  Shark UAV түнгі барлау өзұшарын экспортқа шығармақ. Сонымен бірге, MAGURA V5 пен Sea Baby теңіз дрондарын да сатуға шығармақ. Бұл дрондар Ресейдің порттары мен кемелеріне бірнеше мәрте нәтижелі соққы жасаған болатын. Танкке қарсы «Стугна-П» мен «Корсар» кешендері де ұрыс даласында өз тиімділігін дәлелдеді. Ондаған колоннаны талқандауға тікелей қатысты. Fort-221 пен UAR-15 атыс қаруын сатып алуғы қызығып отырған елдердің саны артуда. Киев ай сайын ондаған «Богдана» артиллериясын шығаруда. Аталмыш қару натолық 155 ммтрлік снарядпен атылады. Сәйкесінше Еуропа елдерінің қорғаныс жүйесіне бірден интеграцияланады.

 

Киев сатылатын қару түрлерін кезең бойынша арттырып, орнына әуе қорғаныс жүйелері мен алысқа соққы жасайтын зымырандар, бронды техникалар алмақ.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар