The Financial Times басылымы Ұлыбританияны шулатқан іс жайлы жазды. Әңгіме 2018 жылы «Новичок» уынан уланып, көз жұмған британ азаматы жайлы болып отыр. Лондон бұл іске Путиннің тікелей қатысы барын айтуда.

Ұлыбританияның барлау қызметі Ресейдің арнайы қызметтері Дон Стерджесстің улануына айыпты екенін айтты. Ұлыбритания азаматы 2018 жылы Солсбериде «Новичок» уынан уланып, көз жұмған. Ағылшындардың сөзінше операцияға Путин тікелей рұқсат еткен.
Жоғары соттың бұрынғы соты Энтони Хьюздің баяндамасында оқиғаның мән-жайы анық айтылды. Онда 44 жастағы Дон Стерджесске «Новичок» уы әтірдің құтысынан шашылғаны жазылған. Ал бұл операцияның артында Ресейдің Бас барлау қызметі тұр дейді.
Ресей тарапы Дон Стерджессті өлтіруді ойламаған. Кремль Ұлыбританияға қашып кеткен барлаушы Сергей Скрипаль мен оның қызын улауды жоспарлаған. 2018 жылдың 4-наурызында екеуін арнайы қызмет өкілдері улаған болатын. Ресейлік агенттер Скрипальдың үйінің есігіне уыды жағып, у құйылған құтыны лақтырып жіберген. Есікті ұстаған Сергей мен оның қызы ауыр күйде ауруханаға жеткізілген еді.
Хьюз өз баяндамасында Солсбериге «Новичок» уынын Ресейдің Бас барлау қызметінің екі агенті әкелгенін айтты. Ресей агенттері Сергей Скрипальді өлтіру операциясында өзге адам зардап шегеді деп ойламаған. Алайда Дон Стерджесс араға 4 ай салып операцияның құрбанына айналды.
Ұлыбритания тарапы Дон Стерджесстің өліміне Ресейдің тікелей жауапты екенін мәлімдеді. Сергей Скрипаль мен оның қызын Ресей агенттері әтір құтысына құйылған уды есік тұтқасына жағу арқылы улады. Ал әтірдің құтысын сол маңға тастай салған еді. Кейін құтыны Чарльз Роули есімді азамат тауып алып, өзінің сүйіктісіне сыйлайды. Оның сүйіктісі Дон Стерджесс болатын. Стерджесс әтірді сеуіп, уланып қалады. Әтір құтысындағы «Новичок» уы Роулиді де зақымдайды. Екеуі де ауруханаға жеткізіледі. Роули тірі қалады, ал Стерджесс 2018 жылдың, 8-тамызында көз жұмды.
Стерджесстің улануына қатысты жаңа баяндамадан кейін Ұлыбритания Ресейге салынған санкцияларды күшейтті. Лондон Ресей елшісін СІМ ғимаратына шақырып, баяндамадағы мәліметтерге қатысты жауап алатынын айтты.
Ресейдің 2018 жылы Ұлыбритания аумағында химиялық қаруды қолдануы Мәскеу мен Лондон арасындағы жағдайды күрт ушықтырып жіберді. Ұлыбритания Ресейдің 23 дипломатын елден шығарды. Бұл қырғи-қабақ соғыстан кейін Ресей дипломаттарын Ұлыбритания аумағынан жаппай шығарған ең ауқымды оқиға болды.
Ал қазір Стерджесс әулеті болса Ресейден өтемақы талап етуде. Сарапшылар өтемақыны Ресейдің бұғатталған активтерінің үлесінен беруді ұсынуда.
Mezgil.kz