"Лукойл" компаниясының соңғы демі: Сарапшылар не дейді?

АҚШ-тың санкциясы «Лукойл» компаниясын қыспаққа алуда. Ресейдің олигархы, мұнай империясының басшысы саналатын Вагит Алекперов компаниясын ондаған жылдар бойы дамытуға күш салды. Оның байлығы Forbes бойынша 28 млрд доллар деп бағаланған. Алайда АҚШ пен ЕО-ның соңғы санкцияларды Лукойлды қыспаққа алып, Вагит Алекперовты әуреге салуда. Бұл туралы басылымы жазды.


1761599620-4764.jpg

 (Сурет glavred.info сайтынан алынды)


«Лукойл» компаниясы шетелдегі активтерін сатуды бастайды. Компанияның 28 пайыз акциясы Алекперовке тиесілі. Ол енді қиын шешімдерді қабылдауы қажет. Компанияның 11 мемлекетте активтері бар. Олардың ішінде Болгария, Румыния мен Нидерландыдағы МӨЗ, ЕО аумағындағы жанармай бекеттері, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Ирак, Мысыр, БАӘ, Латын Америкасы мен Батыс және Орталық Африкада мұнай өндіру компаниялары мен жанармай бекеттері бар.

 

Politico басылымының сөзінше «Лукойл» өте қиын жағдайға тап болды. Сарапшылардың есептеуі бойынша, шетелдік активтерден компания айырылатын болса, онда пайданың кемі 30 пайызын жоғалтпақ. Компания 2024 жылы 8,4 трлн рубль пайда тапты, оның 1 трлн рубльден артық қаржысын акционерлерге аударды. Өткен жылы Алекперов компаниядан кемі 2 млрд доллар пайда тапқан болатын.

 

Альфа-банк сарапшыларының сөзінше, «Лукойл» компаниясы шетелде мұнайдың 6,5 пайызын, ал газдың тең жартысын өндіреді. Шетелдегі компанияға тиесілі МӨЗ-дер «Лукойлдың» мұнай өңдеу қуатының төрттен біріне тең. Компания сол МӨЗ-дер арқылы 5 мыңға жуық жанармай бекеттерін қамтамасыз етуде. Альфа-банк сарапшыларының сөзінше, компания шетелдік активтерді сатқан сәтте, өз табысының көп бөлігін жоғалтатын болады.

 

«Лукойл» компаниясы шеттегі МӨЗ-дері, мұнай өндіру ошақтары мен жанармай бекеттерін өте арзан бағаға сатуы мүмкін. Қазір аталған активтердің құны 10-12 млрд доллар деп бағалануда. Алайда Kasatkin Consulting сарапшысы Дмитрий Касаткиннің сөзінше, компания активтерін 50-70 пайыз жеңілдікпен сатуы ықтимал.

 

АҚШ Қаржы министрлігі «Лукойлға» 21-қарашаға дейін уақыт берді. Компания сол сәтке дейін активтерін сату бойынша келісім жасасып үлгеруі қажет. Алайда сарапшылар активтерді бір айда сату мүмкін емес дейді. Ол үшін кемі жарты жыл қажет болмақ. Сол үшін де компания активтерді сату бойынша лицензияны ұзарту үшін қайта өтініш беруі мүмкін.

 

«Лукойл» компаниясының Ирак, Қазақстан және Әзербайжандағы үлесі компанияның өзінде қалуы мүмкін. Себебі АҚШ бірқатар жобаны санкцияға қосқан жоқ. Дегенмен, жағдай құбылып тұр және АҚШ санкцияларды қатаңдатуы ықтимал. Компания Ресейде өндіретін мұнайын Қытай мен Үндістанға сататын. Ал соңғы санкцияларға байланысты, оның да үлесі азая бермек.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар