Ресей президенті Владимир Путиннің соңғы мәлімдемелері — әлемге тікелей айтылған қауіп қана емес, саяси ойынның жаңа эпизоды.

РЕСЕЙДІҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУЛАРЫ: САЯСИ ҚЫСЫМ МЕН ЖАРНАМАЛЫҚ ЭФФЕКТ
Бірнеше күн ішінде Кремль бастапқыда «Буревестник» атты ядролық қозғалтқышы бар қанатты зымыранның сынақтары туралы, кейін «Посейдон» деп аталған ядролық қуатқа ие суасты автономды аппаратының сынақтан өткенін жариялады.
Бұл декларациялар ресми түрде растауға және тәуелсіз деректерге сүйенбейді, алайда олардың мәні — техникалық жетістік емес, ақпараттық және геосаяси әсер ету. Десе де, бұл жарияланымдардың маңыздылығы — оларды жай әдеттегі әскери жаңалық деп қабылдауға келмейді.
«Посейдон» мен «Буревестник» — 2018 жылғы Путиннің «суперқарулар» тізімінде айтылған жүйелер қатарынан. Сол кезде олар стратегиялық арсеналды «жаңарту» ретінде таныстырылғанына қарамастан, көп қару әлі сынақ сатысында немесе әзірлену кезеңінде қалған. Мәскеу бұл қаруларды жиі қайталап айтып, ішкі және сыртқы аудиторияға бірдей сигнал жібері пкеледі. Путиннің өзі: «Ресейдің қолында бәрін жоятын қарулар бар», - деді.
Кремльдің мәлімдемелері сынақтардың сипаты, өткізілу орны мен нәтижелері туралы нақты техникалық деректер бермейді. Тіпті, батыс сарапшылары кейбір мәлімдемелерге күмәнмен қабылдайды: Сондықтан «Посейдонның» шынайы мүмкіндіктері — ядролық қуаты, тасымалдау қабілеті және іс жүзіндегі тактикалық рөлі — әлі де ашық тексеруді талап етеді.
«Посейдонның» сипаттамаларының бірі — жағалауға қарсы жасанды цунами тудыра алатыны. Ғылыми тұрғыдан мұндай әсердің тиімділігі мен бақылауы сұрақ тудырады; ал халықаралық деңгейде мұндай қарулардың қолданылуы адамзатқа өлшеусіз зиян келтіреді. Дегенмен, бұл да дәлелденбеген ақпар.
Ресей тарапынан мұндай деректердің жариялануы — ең алдымен стратегия: қарсыластың назарын аудару, ядролық шарттардың болашақтағы жағдайын өз пайдасына шешу талпынысы.
АҚШ-ТЫҢ РЕСЕЙГЕ ЖАУАБЫ: ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ СЫНАЙМЫЗ!
АҚШ-пен қарым-қатынастағы шиеленістер, әскери риториканың күшеюі және ядролық арсеналдарды санақтан өткізу туралы сөздер — барлығы бұрынғыдан қатаңырақ жауаптар тудыруда.
Путиннің мәлімдемесінен кейін Дональд Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынақтан өткізуді шұғыл түрде бастауды бұйырды. АҚШ президенті бұл шешімін TruthSocial әлеуметтік желісінде жариялап, былай деді:
«Орташа жойқын күшке байланысты мен мұны істегім келмеді, бірақ басқа амалым қалмады! Ресей ядролық оқтұмсықтар саны бойынша екінші орында, ал Қытай үшінші орында, бірақ бес жылдан кейін олар теңеседі», — деп жазды Трамп.
Бір мезетте Ресейдің ядролық «жарнамасы» — экономикалық және әскери әлсіздіктің немесе соның әсерін жасырудың белгісі де болуы мүмкін. Қару-жарақты «көрсету» арқылы Мәскеу ішкі аудиторияға өзінің «жоғары технологиялы держава» екенін дәлелдеуге тырысуда. Ал сырттағы мақсаты — қарсыласты өзіне тиімді келіссөзге итермелеу немесе стратегиялық артықшылыққа қол жеткізу.
Ядролық риториканың өсуі және отты жойқын қарулар туралы мәлімдемелер эскалацияға әкелуі ықтимал. Тарих көрсеткендей, ядролық шиеленістің «жеңімпазы» болмайды. Қашанда зиян шегетін — адамзат. Сондықтан дипломатия, тәуелсіз тексеру мен ашықтықты талап ететін халықаралық құрылымдар осы сәтте аса маңызды.
Mezgil.kz