Арабтар – алауыз. Еуропада – дау-дамай. Ал Түркі елдері – бірігіп жатыр!

1760528730504314.jpg

(Сурет: turaninform.kz)

Ердоған Түркі елдерінің азаматтарына жеңілдік беретін заңға қол қойды

2025 жылғы қазан айында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі елдеріне (Түркі халықтарына) қатысы бар ерекше жарлыққа қол қойды. Бұл құжат Түрік мемлекеті мен басқа түркілік мемлекеттері арасындағы экономикалық және еңбек ынтымақтастығын нығайту мақсатында қабылданып отыр.  

Жарлықтың мәні мен негізгі баптары мына іс‑шараларды жеңілдету мақсатын көздейді:

Еңбек рұқсаттарын жеңілдету: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан азаматтары Түркияда жұмыс істеу үшін күрделі рұқсат рәсімдерінен өтпейтін болады.

Кәсіпкерлік және кәсіби қызмет: Енді аталған елдердің азаматтары Түркияда қоғамдық және жекеменшік секторда кәсіпкерлік және кәсіби қызметпен айналысу құқығына ие болады. (Әскери қызмет пен қауіпсіздік органдарынан басқа).

Түрік азаматтығына талаптың жойылуы: Жарлыққа сәйкес, белгілі салаларда жұмыс істеу үшін Түркия азаматтығын талап ету шарасы алынып тасталады.

Кәсіби ұйымдарға тіркелу: Түркілік елдерден келген мамандар Түркиядағы кәсіби одақтарға (қоғамдастықтарға) Түрік азаматтары сияқты тең деңгейде тіркеле алады. Олардың өз елдерінде алған дипломдары мен сертификаттарының жарамдылығын Түркия мойындайды.

Сайлау құқығы берілмейді: Денгенмен, жаңа ереже бойынша, Түркияға келген осы азаматтарға дауыс беру немесе сайлану құқығы берілмейді. Яғни, Түркия  өзінің саяси дербестігі мен мемлекеттік қауіпсіздігін өз құзырында қалдырады.

Бұл Жарлық Түркі мемлекеттер арасындағы жұмыс күшінің өзара еркін қозғалысына бағытталған интеграциялық шаралардың бірі болып табылады.

Бұл жарлықтың маңызы неде?

Қазіргі күрделі заманда ұжымдық қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Кейінгі кездегі орын алған Ресей‑Украина соғысы бүкіл Еуропа елдерін біріктірді десек те, әйгілі Еуроодақ арасынан да ши шығуы мүмкін екеніне әлем куә болуда. Қазір Еуродақ ресейлік агрессияға тікелей қолдау білдіруші Венгриямен, оның премьері Орбанмен бас қатыруда. Орбан ЕО заңдарына сай (түгел дауыс беру), ЕО Украинаға көмегіне шектеу қойып, Ресейге салынған санкцияларға кедергі жасаумен келеді. Мұның ақыр соңы Еуропарламентте Орбанды «Ресей шпионы» деп айтатын жағдайға алып келгені рас...

Сонымен қатар, Хамас‑Израиль соғысында жалпы «араб әлемі» елдерінің біразы үдере көшкен босқын палестиналық арабтарды өздеріне қабылдаудан бас тартқаны белгілі (мыс.: Египет...).

Сол сияқты, әлемнің өзге өңірлерінде де неше түрлі Одақтар құрылып, саммиттер өткізіп жатады. Мысалы, ШОС (Шанхай Ұйымы), ЕврАзЭО, ОДКБ және т.б.

Бірақ олардың арасында Ұлттық негізде құрылған, соған сай мемлекеттік шешім қабылданған одақтар жоқ.

Алғашқы болып оны Түркі әлемі бірлігі негізінде Түркия президенті Ердоған құрып отыр. Бұны болашақ Тұран Одағының саяси‑экономикалық негізі деуге тұрарлық айтулы оқиға деуге болады.

Түркі әлемі — тілдік, мәдени және тарихи тұрғыдан туыстас халықтардың кең өркениеттік кеңістігі. Оның құрамына Түркиядан бастап Сібір мен Қытайдың батысына дейін, Шығыс Еуропадан Солтүстік Азияға дейінгі аймақтар кіреді. Жалпы халық саны бүгінде шамамен 180–200 миллион адамды құрайды. (Бұл санға ресми түркі мемлекеттерінің тұрғындары және басқа елдердегі түркі халықтарының өкілдері кіреді).

Міне, осыншама күш енді Түркия арқылы өзара интеграциялану процесін бастайтын болады. Бұл интерация әр ел үшін де экономикалық тұрғыда пайдалы әрі Түркі әлемінің бірлескен қорғаныс потенциалы дер едік.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар