Еуропаны барлауға барып, буксирмен қайтты: НАТО басшысы ресейлік кемені келеке етті!

Еуропа елдері ресейлік сүңгуір қайықтың Еуропа су айлақтарына кіргені жайлы айтты. Бұл туралы НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте де сөз етті. Ол дүйсенбі күні тілшілердің сұрағына жауап беру барысында ресейлік «Новороссийск» сүңгуір қайығы жайлы қалжыңдады. Ресейлік кеменің сынғанын айтып, мазақ етті. Ал Мәскеу ол пікірді жоққа шығарды.


«Новороссийск».jpg

 

«Том Клэнсидің «Қызыл қазанға аңшылық» атты 1984 жылғы романымен бұл жайтты салыстыруға келмес. Қазір бұл көрініс жақын жердегі механикке аңшылыққа көбірек ұқсайды»,  - деді Рютте. Клэнсидің романында Кеңес әскеріне тиесілі сүңгуір қайықтың командирі АҚШ-қа қашуды ойлайды. Роман сүңгуір қайыққа қатысты жазылған еді. Ал Рютте қазіргі ресейлік сүңгуір қайықтың кейпін мысқылдап, «ол сыңған күйі, үйіне әрең қайтып барады» деді.

 

НАТО-ның Бас Хатшысы Рютте Жерорта теңізінде ресейлік кемелер мен әскерилердің қалмағанын айтты. Ресейдің Қара теңіз флоты «Новороссийск» сүңгуір қайығының Франция жағалауында су бетіне шыққанын растады. Ресей тарапы сүңгуір қайықта ақау болмағанын, су бетіне шығу әрекеті қауіпсіздік шарасымен байланысты екенін жеткізді. Ла-Манш маңында ресейлік сүңгуір қайықты ағылшындардың тікұшағы мен кемесі күтіп алып, оны бақылап жүрген. Ресейлік сүңгуір қайықты бақылау және Еуропа су айлағынан шығару операциясына жалпы 6 елдің 11 кемесі қатысты.

 

Ресейлік сүңгуір қайықтың сынғаны жайлы алғаш болып Ұлыбританияның теңіз флоты хабарлады. «Новороссийск» сүңгуір қайығы Франция жағалауында, Ушан аралына жақын маңда су бетіне шыққан. Ал оның жанында «Яков Гребельский» кеме сүйреуші буксирі болған.

 

7-қазанда Францияның Теңіз әскери күштерінің қолбасшысы ресейлік сүңгуір қайықты Бретань маңынан көргенін айтты. Ал 11-қазанда Нидерландының кемелері «Новороссийск» сүңгуір қайығын бақылады. Оны кеме сүйреуші буксир сүйреп келе жатқаны айтылды. 27-қыркүйек күні ресейлік ВЧК-ОГПУ телеграм арнасы «Новороссийск» сүңгуір қайығында техникалық ақау салдарынан жанармай ағып кеткенін жазды. Алайда бұл ақпараттың барлығын Ресейдің Қара теңіз флоты жоққа шығарды. Ресей тарапы сүңгуір қайық «Калибр» зымырандарын қолдана алатынын және қайықтың тапсырманы сәтті орындағанын мәлімдеді.

 

Сарапшылар ресейлік сүңгуір қайықтың мақсаты Еуропа маңын барлау болғанын айтуда. Алайда сүңгуір қайықтағы ақау салдарынан, миссияны орындай алмағанын жазды. Осылайша ресейлік сүңгуір қайық буксирмен елге оралуға мәжбүр болуда.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар