Қытай: Жапонияны АҚШ-тың көмегінсіз-ақ жеңер едік!

Қытай билігі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты үлкен әскери шеру ұйымдастырмақ. Бейжіңде Жапонияның капитуляциясымен аяқталған қанқұйлы қақтығысқа қатысты жаңа көзқарас қалыптасуда. Сарапшылар Қытай мен Ресей билігінің екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын бұрмалап, жеңісті иемденуге тырысып жатқанын айтуда.


Китай во Второй мировой: неизвестный подвиг сотен миллионов | АРГУМЕНТ

 

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында бірқатар сараптама орталықтары, БАҚ пен сарапшылар АҚШ-тың Қытайға соғыс кезінде көрсеткен көмегіне қатысты мақала жариялады. Мақалада олар «АҚШ билігі тек өз мүддесін ойлады, бұл Қытайға көмек емес, АҚШ-тың өзіне жасаған көмегі» деген ойды қалыптастыруға тырысқан. Дәл осындай көзқарас Қытайда түсірілген фильмдерде де көрсетілуде.

 

Historical Review журналының тамызда шыққан мақаласында былай делінген: «АҚШ Қытайдағы мүддесін қорғау үшін ғана Қытайға көмектесті. Бұл тең құқықты қатынасқа негізделген көмек емес еді», - дейді. Аталған журнал мақаланы Қытайдың Тарих академиясымен бірлесе отырып жазған. Red Culture Institute болса, «Тіпті АҚШ-тың көмегінсіз-ақ, Қытай Жапонияны соғыста жеңер еді» деген ойды айтқан.

 

Алайда тарихшылар Қытайдың шындықты бұрмалауы ақылға симайтынын айтуда. Жапония екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Қытайдың бірқатар аймағын толық оккупациялады. 1937 жылы Қытай билігі Жапония әскерінен ірі шайқастарда тас-талқан болып жеңіліп, Токионың айтқан қатаң талаптарының бірқатарын орындады.

 

Тарихшы Эндрю Фейлинс былай дейді: «АҚШ пен Жапонияның тікелей соғысы ғана Токионы әлсіретіп, Қытайдың қиын жағдайдан шығуына әсер етті. Егер Жапония АҚШ-қа шабуыл жасамаса, онда Жапония Қытайды толық оккупациялап, бөлшектейтін еді. Қазіргі сәтте Мәскеу де АҚШ-тың көмегінсіз соғыста жеңер едік дегенді айтуда. Олар ленд-лизсіз жеңіліске ұшырар еді», - дейді.

 

«Forgotten Ally: China’s World War II» атты кітаптың авторы, танымал профессор Рана Миттер де пікір білдіруде. Былай дейді: «Қытай мен АҚШ соғыс кезінде бір-біріне керек болды. Қытайды АҚШ қолдап, қару жеткізді. Сол қарумен Қытай жапондарға үздіксіз қарсылық танытып, соғысты. Бұл АҚШ-тың Тынық мұхит аймағында соғыс жүргізуіне көмектесті. Сол үшін де бұл екі ел бір-біріне керек болды дегеніміз дұрыс».

 

Екнші дүниежүзілік соғыста АҚШ Қытайға қаржылай, әскери және экономикалық көмек көрсетті. Бейжің 700 млн доллардың қаруын алды. Бұл қару Ленд-Лиз арқылы берілді.

 

International Crisis Group орталығының сарапшысы Уильям Янг былай дейді: «Қытай қазір өзін экономикалық, әскери держава ретінде танытуда. Ол екінші жаһан соғысындағы көзқарасты да өзгертуге тырысып жатыр. Бұл әсіресе ішкі аудитория үшін қажет. Бейжің соғысты халықтың ішкі бұлқынысы жеңді деген көзқарасты көпшілікке сіңіруде. Қазіргі Қытай билігі «сырттан көмек алдық» дегенді аз айтатын болған», - дейді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар