Путиннің сесі: Ресей қуатты зымыранды сынақтан өткізбек!

Ресей билігі Трамп пен Путиннің Аляскадағы кездесуі қарсаңында жойқын зымыранды сынақтан өткізбек. Бұл туралы батыстық басылымдар жарыса жазуда.


Американские источники утверждают, что в России будут испытывать ракету  9М730 - ТЕХНОСФЕРА РОССИЯ

Бұл туралы Калифорния халықаралық қатынастарды зерттеу институтының зерттеушісі Джеффри Льюис пен CNA зерттеу ұйымының зерттеушісі Декер Эвелет айтты. Сарапшылар Ресей билігі құрлықаралық қанатты зымыран саналатын «Буревестникті» сынақтан өткізбек дейді. Аталған зымыран болжам бойынша ядролық оқтұмсықты алып ұшуға қабілетті.

 

Сарапшылар сынақтың Жаңа Жер аралында өтетінін айтуда. Ресей тамыз айында аталған арал маңына азаматтық авиация ұшақтары мен кемелердің кіруіне тыйым салатынын айтып, тиісті хабарлама таратқан болатын. Зерттеуші Джеффри Льюис пен Декер Эвелет шілде айында аралдағы әскери полигонның ғарыштық түсірілімдерін қарап, полигонда көптеген контейнерлердің пайда болғанын анықтады. Сонымен қатар аралға екі әскери ұшақ бірнеше мәрте келіп қонған және бес әскери кеме аралдағы портқа тоқтаған. Аралға арнайы қызметкерлер де келген. Сарапшы Льюис «Буревестник» зымыранын сынауға дайындықтың қызу жүріп жатқанын айтты.

 

Сарапшылар зымыранды сынау Трамп пен Путиннің кездесуіне дейін өтуі керек болғанын болжады. Алайда Ресей басшысы Трамппен кездесуге дайын, келісімге келуге ниетті екенін білдіру үшін сынақты тоқтатып, бірнеше күнге кейінге қалдыруы мүмкін дейді мамандар. Мамандар Мәскеу АҚШ-тың «Алтын күмбез» әуе қорғаныс жүйесін жасау жоспарына алаңдаулы екенін және жаңа зымыран түрлерін сынақтан өткізуге мүдделі екенін айтып отыр.

 

Ресей Жаңа Жер аралын кеңестік кезеңнен бастап түрлі зымыран, бомба түрлерін сынау үшін қолдануда. 1955-1990 жылдары Мәскеу аталған аралда 130-ға жуық ядролық сынақ өткізді. Ресей басшысы Владимир Путин 2018 жылы Федералды кеңес жиынында «Буревестник» зымыранын сынақтан өткізгенін айтты. Алайда сарапшылар сынақтың сәтті өткеніне күмәнмен қарайды.

 

Nuclear Threat Initiative сараптама орталығы Ресейдің 2017-2019 жылдары 13 мәрте «Буревестник» зымыранын сынақтан өткізгенін, оның тек екеуі ғана сәтті болғанын жазды. 2023 жылы Ресей басшысы «Буревестниктің» соңғы сынағы сәтті болғанын айтты. Алайда нақты дәлел келтірген жоқ.

 

Ашық дереккөздерде Ресейдің аталған зымыранды 2001 жылдан бері жасап жатқаны айтылады. Мәскеу зымыранды жасап шығуға қыруар қаржы жұмсаған.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар