"Тірі өліктер" деп атауда: Иран атом саласының мамандарын қалай қорғауда?

Тегеран Израильмен болған соғыстан кейін, ядролық бағдарламасын қайта жандандыруды ойластыруда. Иран билігі ядролық сала мамандарын қорғауға алды. Енді жаңа өзгеріс бойынша әр маманның бір орынбасары және күзеті болады. Ядролық бағдарламаға қатысы бар атом саласының мамандары қорғанысы күшейтілген ауданға көшірілді. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды.


511688594_1185489800258909_2548376003549355390_n.jpg

 

The Telegraph ирандық атом мамандары өз үйінде тұрмайтынын айтты. Олардың басым көпшілігі Тегеранның нұсқауы бойынша қауіпсіз аймақтарға көшірілген. Арнайы күзет оларды 24/7 режимінде күзетеді. Ендігі таңда олардың қауіпсіздігін бірнеше арнайы құрылым қамтамасыз етеді.

 

Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар атом мамандары Тегерандағы ЖОО-ларда сабақ беретін. Алайда енді олар сабақ бермейді.

 

The Telegraph басылымының жазуынша, Израиль Иранның атом мамандары жайлы арнайы тізім дайындаған. Тізімде жүзден астам маманның аты-жөні, жеке дерегі бар. Израиль оларды «dead men walking» (жүретін өлкітер, тірі өліктер) деп атайды. Иранның атом мамандары шәкірт тауып, оларды атом саласының қыр-сырына үйретуі тиіс. Маман қаза тапқан жағдайда, оның ісін жалғастыратын ізбасары болуы шарт.

 

«12 күндік соғыста» Израиль Иранның оннан астам атом саласының маманының көзін жойды. Өткен аптада Иран ядролық энергетика саласының маманы Рузбех Вадиді Израильдің пайдасына тыңшылық етті деген айыппен дарға асты.

 

13-маусымда ЦАХАЛ «Арыстан жүректі халық» атты операциясын бастап, операция аясында Иранның Натанз бен Фордо қалаларындағы уран байыту зауыттарына, Исфахандағы уран кәсіпорнына, Тебриз маңындағы зымыран зауытына және Кередж бен Тегеранда орналасқан екі центрифуга өндіру орталығына соққы берді. 22-маусымда АҚШ-тың ұшақтары Иранға шабуыл жасады. АҚШ Исфахандағы Ядролық технологиялар орталығы, сондай-ақ Натанз бен Фордо зауыттарына ауыр бомбалар мен зымырандарды тастады. Бұл қақтығыс 12 күнге созылып, әлемдік БАҚ оны «12 күндік соғыс» деп атады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар