Ресейдің ядролық триадасына жасалған соққы: Украина мәлімдеме жасады

The Times басылымы Украинаның арнайы қызметі Мәскеудің ең құпия қаруының бірі саналатын сүңгуір қайығының сұлбасын ұрлағанын жазды. Жақында Ресей су жаңа сүңгуір қайықты таныстырған болатын. Мәскеулік сарапшылар сүңгуір қайықтың жаңа типін «Арктикаға жол ашатын кілт» деп сипаттап жатты.


Атомный крейсер «Дмитрий Донской» с мощнейшими «Булавами» выйдет из  эллинга: превосходство в море

 

Украина тарапы хакерлік топтармен бірлесе отырып Ресейдің құпия әскери нысандарына шабуыл жасаған. Шабуыл барысында Киев бірнеше маңызды құжатты қолға түсірді. Құжаттардың бірі Ресейдің су жаңа атомдық сүңгуір қайығына қатысты болып отыр. Киев сүңгуір қайықтың осал тұстарын анықтағанын да жария етті.

 

«Князь Пожарский» сүңгуір қайығы шілденің соңында қолданысқа берілді. Мәскеу аталған қайықты Ресейдің ядролық потенциалын күшейтетін басты әскери нысан екенін айтуда. Сүңгуір қайық Ресейдің Мурманск облысындағы «Гаджиев» портында тұрақтаған.

 

Украина хакерлік шабуыл арқылы «Князь Пожарский» сүңгуір қайығының осал тұстарын анықтап, тиісті ақпаратты одақтастарымен бөлісуге дайын екенін айтуда. Сонымен бірге жалпы «Борей» типіндегі сүңгуір қайықтардың осал тұстары анықталған. Ресейде «Борей» типінде жасалған бірнеше сүңгуір қайық бар және олардың барлығы дерлік Ресейдің ядролық триадасының негізгі элементі саналады. Ресей аталған сүңгуір қайықтар арқылы Арктикадағы ықпалын арттыруды ойластыруда.

 

Украина хакерлері қол жеткізген құжатта Ресейдің жаңа сүңгуір қайығының экипаж саны, тізімі, аты-жөндері, қайықтағы әскери қарудың сипаттамасы, қайықты соққыдан сақтау жолдары, инженерлік есептер және басқа жазылған.

 

Украинаның Бас барлау қызметі былай дейді: «Князь Пожарский» сүңгуір қайығына қатысты біз қол жеткізген ақпараттарда оның осал тұстарын байқауға болады. Сонымен бірге 955А типіндегі барлық сүңгуір қайықтардың осал тұстарын да көруге болады. Бұл ресейлік әскери амбицияның тағы бір аңызын жоққа шығарумен бірдей», - дейді.

 

Сарапшылар Украина барлау қызметінің ресейлік ядролық триадаға үздіксіз шабуыл жасап жатқанын айтуда. Жақында ғана Киев Ресейдің ядролық қаруын алып ұшатын стратегиялық ұшақтарға дрондармен шабуыл жасап, «Өрмек» операциясын іске асырды.

 

«Украина Барлау қызметі ядролық қаруды алып жүретін сүңгір қайықтарға қатысты ақпаратқа қол жеткізу арқылы, Ресейдің ядролық потенциалына тағы да нұқсан келтірді» дейді сарапшылар. Ресей билігі Қытаймен бірлесіп теңіз әскери жаттығуын өткізуде. Киев осы сәтте Ресейдің ең қуатты сүңгуір қайықтарына қатысты ақпаратты иемденгенін айтты. Украинаның хакерлік шабуылына қатысты ақпаратты Ресей тарапы әлі растаған да, терістеген де жоқ.

 

Ресей «Князь Пожарский» сүңгуір қайығын 955А «Борей-А» жобасы негізінде жасады. Кремльдің пікірінше бұл сүңгуір қайықтарды су астында анықтау қиынға соғады. Жылдам әрі дыбыссыз жүзетінін айтуда. Сүңгуір қайық бір мезетте 16 дана Р-30 «Булава» зымыранын атады. Бұл ядролық оқтұмсықты алып ұшатын зымырандар саналады.

 

Сарапшылар Киев Ресейдің ядролық триадасына қатысты ақпараттарды жинау арқылы, НАТО-дағы әріптес елдердің бірқатарымен ақпаратты бөлісіп, Ресейдің осал тұстарын анықтауға көмектесіп жатқанын айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар