Геосаяси тепе-теңдікті сақтауда өте таптырмас күш – Түркия!

29 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар барысында екі ел басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін тереңдету мәселесін талқылайды.

1753697187797657.jpg

(Сурет: kazakhstan today, aa.com.tr)

Қазақстан мен Түркияның әріптестігі қай деңгейде? Осы ретте біз саясаттанушы Жанат Момынқұловтан пікір сұрадық.

1753696692262967.png

(Сурет: sn.kz)

Жанат Момынқұлов, саясаттанушы:

– Қазақстан мен Түркияның стратегиялық серіктестер ретіндегі қарым-қатынастары тұрақты деңгейде дамып келе жатыр. Екі жақтың тауар айналымын 5 млрд-тан 10 млрд-қа шығару мақсаты мен міндеті күн тәртібінде тұр.

Екі ел арасындағы әріптестікті дамытудың нақты бағыттары белгілі. Сауда, импорт, экспортталатын тауарлардың тізімі белгілі. Бірақ, екіжақты қарым-қатынас қазір аздап тұралап қалған сияқты. Потенциалы бар, бірақ белгілі бір межеге шыға алмай тұр.

Одан кейін, Солтүстік Кипр мәселесіне байланысты кейбір Орталық Азия мемлекеттерінің елшілік ашу туралы қадамдары, шешімдері түрік сарапшыларын, саясаткерлерін, тіпті қоғамын, интеллектуалды ортасын, профессорларын өте қатты ренжітті. Қазақстанға қатысты және басқа Орталық Азияға қатысты реніштері бар. «Біздің түркі бірлігіміз не болады? Түркі одағымыз не болады?» деген сияқты сұрақтарды ашық талқылай бастады.

Бір жағынан қарасаң бұның дұрыс жағы да бар, өйткені түріктер өзін «үлкен Түркия» жобасы, түркизм тұрғысынан ғана қарайды. Реалистік, прагматистік қарым-қатынас тұрғыснан қарай алмайды. Түріктер бұрын да біздің экономикамызда темір кен орындарын, мұнай, энергетика салаларына көп кіре алмады. Ал енді кейбір химия өнеркісібінде, саудада, бизнес ашуда жаман емес. Біздің негізгі бес ірі сауда «платежіміздің» бірі саналады. Бірақ, соған қарамастан олар көптеген позицияларды жоғалтып алды. Қытай, Ресейге беріп қойды. Мысалы түріктердің жасаған бір қатесі – олар кезінде сол Еуропа мықты болып, Қытай әлсіз болып тұрған кезде ортақ құрастыратын әртүрлі зауыттарды, осы Орталық Азияда ашып, арзан өзбек, түркімен және қазақ күшін қосып, түріктің менеджментінің астында көп нәрсені, сауданы, өндірісті жолға қоюлары керек еді. Ол мүмкіндіктен айырылып қалдық.

Қазір енді бұл аймақта Қытай ғана басым! Түркияның экономикалық ахуалы қиындады. Қазір Түркияның өзі текстильде, құрылыс саласында өзінің ірі лидерлік позицияларын беріп қойды. Он жыл бұрын Түркия ауылшаруашылық саласында, құрылыс саласында, бизнесте, менеджментте өте мықты деңгейде еді. Қазір ол позицияларын өкінішке орай беріп қойды. ОАЭ, Қытай сияқты басқа да бағыттар күшейіп кетті.

Екі ел – Қазақстан мен Түркия әріптестігінің даму перспективасы зор. Одан кейін, энергетика саласы, «орта дәліз» бойынша Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан Түркияның Еуропаға жолында үлкен перспектива бар. Осы жолы Президенттердің кездесуінде осы Еуропаға жол талқыланады деп ойлаймын.

Әзірбайжан мәселесі өте маңызды. Қазір Түркі әлемнің қақ ортасында тұр. Одан кейін, әскери  салада ұшатын аппаратар, дрондар өндірісін дамытты. Қару жарақтың, әртүрлі әскери көліктердің өндірісі жолға қойылған. Біз үшін әскери қауіпсіздік саласы өте маңызды болып тұр.

Қазақстан мен Түркияның өзара дамытуы керек бағыттары:

Бірінші – әскери қауіпсіздік,

Екінші – энергетикалық, логистикалық,

Үшінші – саяси, экономикалық,

Төртінші – мәдени, түркі бірлігі, ақпарат, білім т.б. бағыттар.

Әріптестіктің перспективасы ауқымды. Бірақ, оның бәрі экономикаға байланысты. Орталық Азия экономикасы Қытай мен Ресейдің кеңістігінде. Сондықтан өте қиын сұрақтар бар. Бірақ болашақта біздің геосаяси тепе-теңдігімізді сақтауда өте таптырмас күш – Түркия. Сондықтан Түркиямен байланыс ылғи жалғаса береді. Түркия болмаса біздің геосаяси байланысымыз әлсірейді.

Қазақстан мен Түркияның президенттерінің ақырғы кездесуі 2022 жылы Түркияда болған екен. Одан кейін Өзбекстанда, Әзірбайжанда басқа да елдерде кездескен. Түркия- әскери өндірісте ілгері ел болған соң, онымен қауіпсіздік байланыстарды дамытқанымыз жөн. Түркия қазір Таяу Шығыста Израильдің негізгі серіктесіне айналды. Одан кейін үлкен Америка жобасында Әзірбайжандағылар қосып жатыр. Әзірбайжан қазір Таяу Шығыстың ішінде қаралатын болады. Сондықтан мынау түркі жобасы біздің тұрғымыздан үлкен тепе-теңдікті, тек қана Қытай мен Ресейге тәуелді болып, шығысқа шайқалып кетуден сақтайтын үлкен бір халықаралық экономикаға итеграциялануға жаңа бір қақпалар ашылатын мүмкіндік.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар