Украина мен Ресей өкілдері шілденің 23-і күні кешкісін Ыстамбұлда үшінші реткі кездесуін өткізді. Кездесу бір сағатта аяқталған.

(Сурет: bbc.com)
Кездесу барысында екі тарап соғысты тоқтату туралы ортақ келісімге келе алмағанымен, жалғасты тұтқын алмасуға келіскен. Украина тарабы екі ел басшысының бетпе бет кездесуін ұйымдастыруды ортаға қойғанымен, Ресей тарабы өз шартын алға қойған. Кездесуден кейін Украина президенті Зеленский бірнеше мәлімдеме жасады. Олар төмендегідей:
«Бұл мәселеге ұзақ уақыт бойы келдік. Енді біз саяси тұтқындар мен журналистер тізімдерімен жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ бейбіт тұрғындарды ресми түрде алмастыруға болмайды — оларды босатуы тиіс. Сондықтан қазір екі тараптан да нақты тізімдер бойынша жұмыс істеудің жаңа форматын іздеп жатырмыз», — деді Зеленский.
Украина президенті соғысты аяқтаудың басты жолы – көшбасшылар деңгейінде кездесу ұйымдастыру екенін мәлімдеді.
«Бізге соғыстың аяқталғаны керек. Бұл, сірә, көшбасшылардың кездесуімен басталады. Басқаша жол жоқ. Мұндай кездесудің нақты аджендасы (күн тәртібі) қажет. Біз бұл мәселені үнемі жария түрде көтеріп келеміз. Қазір олар да бізбен әңгімеде осы тақырыпты айта бастады. Бұл – кездесуге апарар бағыттағы алғашқы қадам», — деді Зеленский.
Президенттің айтуынша, Ресей аумағында белгілі бір операциялар арқылы маңызды нәтижелерге қол жеткізілген.
«Келіссөздер мен дипломатиядан тыс, Ресей аумағында бірқатар іс-шаралар жүзеге асты. Сіздер оны өз көздеріңізбен көрдіңіздер», — деп атап өтті ол.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың украиналық дрондарды сатып алуы бойынша келісім жасау тапсырылғанын мәлімдеді.
«Біз Америкамен, оның ішінде президент Трамппен, дрондарды бізден сатып алу туралы алдын ала келістік. Осыған байланысты мен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеровке, қорғаныс министрі Денис Шмыгальге және стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшім Александр Камышинге бұл келісімшартты дайындауды тапсырдым. Бұл өте маңызды — 10–20–30 миллиард долларлық маңызды келісім», — деді Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский елдің қару-жарақ экспортын Дания, Норвегия және Германиямен талқылап жатқанын мәлімдеді.
«Біз бұл мәселені ілгерілетіп жатырмыз. Шетелде өндіріс желілері форматы іске қосылмақ. Барлық жерде баяу, ал бізге жылдам керек. Даниямен нақты келісімге келдік», — деді Зеленский.
Президенттің айтуынша, Дания алысқа ұшатын дрондарды өндіру үшін қосымша 100–300 млн доллар көлемінде қаржы бөлмек. Бұл жоба мемлекет пен жеке сектор арасында 50/50 үлеспен жүзеге асады. Соғыс кезінде өндірілген дрондар Украинаға беріледі, ал соғыстан кейін бұл өндіріс Дания армиясының қажеттіліктері үшін жұмыс істейді.
Ал Нидерланды мен ЕЫҚҰ (ОБСЕ) құрамындағы тағы 40-тан астам ел Ресейдің украиналық әскери тұтқындарға жасаған азаптаулары мен қатыгез әрекеттеріне қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етті. Бұл туралы Нидерланд сыртқы істер министрі Каспар Вельдкамп әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Германия Украинаға 60-тан астам «Gepard» зениттік қондырғысын жеткізді, және жақын арада тағы бір «IRIS-T» әуе қорғаныс жүйесін жөнелтпек. Бұл туралы Украинаның Германиядағы елшісі Алексей Макеев айтты.
«Бүкіл әлем ормандарынан табуға болатын «Gepard-тардың» көбі — бізде. Олар қазір украиналық жайылымдарда», — деп әзілдеді елші.
Ол сондай-ақ, «Rheinmetall» компаниясының «Skynex» зениттік артиллериялық жүйесі жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті. Украина бұл жүйелерді жеткізуді жалғастыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, Украина мен Германия қорғаныс саласы өкілдері бірлесіп жаңа әуе қорғаныс жүйелерін жасау туралы алғашқы идеяларды талқылап жатыр.
Mezgil.kz