Соғыс жалғасуда: Ресейде жерлеу орталықтары байып жатыр!

Ресейде жерлеу рәсімін өткізетін орталықтардың кәсібі өрге дөңгелеген. Бұл туралы «Контур.Фокус» сервистік орталығы мәлімдеді. Жыл басынан бері солтүстік көршіміздің аумағында жерлеу рәсімін өткізетін орталықтар саны артты.


В аэропорт в России прибыло около 100 гробов с телами погибших в Украине

 

2025 жылдың алғашқы алты айында Ресей аумағында 805 жаңа жерлеу рәсімдерін өткізетін орталық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп деген сөз. Жерлеу рәсімін өткізетін орталықтардың ең көбі Мәскеу аймағында ашылды. Олардың саны 57. Краснодар аймағында 42 жаңа жерлеу орталығы ашылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға көп деген сөз. Ресей статистика (Росстат) сарапшыларының мәліметінше бір жылда жерлеу рәсімінің қызметі 12,7%-ға артқан.

 

Жерлеу компаниялары санының арту себептерінің бірі ретінде нарық өкілдері жерлеу бизнесінің «рентабельділігінің артуын» атап өтті. Бұл жағдай «негізгі қызметтердің қымбаттауы мен кейбір тұтынушылардың сапалы қызмет үшін ақы төлеуге дайын болуымен байланысты» дейді Крематорийлер қауымдастығының президенті Алексей Сулоев. Әсіресе, ірі қалалардағы «толық қызмет топтамалары» сұранысқа ие болуда. Оның ішіне кремация, еске алу тауарларын жасау, құлпытас орнату, құлпытас дизайндерін әзірлеу, марқұмның денесін алыс қашықтыққа тасымалдау сынды қызметтер кіреді.

 

Жерлеу ұйымдары мен крематорийлер одағының директоры Елена Андрееваның айтуынша, көптеген ресейліктер жерлеуді мемлекеттік өтемақы қарастырылған, кепілдендірілген қызметтер тізімі бойынша өткізуді сұрайды. Ол бойынша жерлеу рәсімінде ең аз базалық қызмет түрі ұсынылады.

 

Сарапшылар Ресейдегі жерлеу орталықтарының артуын Украинадағы соғыспен байланыстырады. Ресей әскері 2025 жылы шабуылды үдетіп, үш жыл ішіндегі ең үлкен шығынға ұшырауда. The Economist басылымының есептеуінше, тек 1-мамыр мен 9-шілде аралығында Ресей армиясы ұрыста қаза тапқандар саны жағынан шамамен 31 мың адамынан айырылған.

 

Ал АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың сөзінше,  2025 жылдың басынан бастап Ресей Қарулы күштеріндегі адам шығыны күрт өскен. Оның айтуынша, қаңтар айынан бері Ресей 100 мың сарбазынан айырылған. Бұл тек қаза тапқандардың саны. Ал жараланғандар саны әлдеқайда көп.

 

The Economist басылымы соғыс басталғалы бері Ресейдің жалпы шығыны 900 мыңнан 1,3 миллион адамға дейін жеткенін, оның ішінде 190 мыңнан 350 мыңға дейін сарбазы қаза тапқанын жазды. Ресейлік аймақтардағы адам шығындары туралы мамандандырылған топтарды зерттейтін «Медиазона» мен BBC-дің бағалауынша, 2025 жылдың басынан бері майданда қаза тапқан ресейліктердің аты-жөнімен расталған тізім саны азаюда. 1-қаңтар мен 16-шілде аралығында кем дегенде 11 310 ресейлік әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы дерек шыққан. Алайда шынайы көрсеткіш әлдеқайда көп дейді сарапшылар.

 

Жыл басынан бері Ресейдің кейбір аймақтық билік өкілдері Украинадағы майданда қаза тапқандар туралы мәліметтерді жариялауды тоқтатты.  «Сибирь Реалии» басылымының жазуынша, Сібір мен Қиыр Шығыстағы барлық өңір басшылары мұндай мәліметтерді жариялауды доғарған. Ал «Чеснок» басылымы шілде айында Владимир облысы билігі де адами шығындар туралы ақпарат таратуды тоқтатқанын хабарлаған болатын. Осылайша қаза тапқандар саны азайған жоқ, тек оларды жариялауға тыйым салынды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар