Трамптың Путиннен көңілі қалды: АҚШ Украинаға қару жөнелтуді бастады!

Апта бұрын АҚШ Украинаға әскери көмек берудің бір бөлігін тоқтатты. Польша аумағында тұрған және әне-міне Украинаға берілуі тиіс мыңдаған снаряд, жүздеген зымыран, атыс қарулары Киевке жіберілмейтін болды. Вашингтон Украина үшін аса маңызды саналатын әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандарды да беруді тоқтатты.


Путин и Трамп обсудили украинскую и другие международные проблемы -  12.02.2025 Украина.ру

 

Сарапшылар Трамп билігінің бұл шешімін екі негізде түсіндіруде. Бірі «АҚШ-тың қару қоры азая түсті және Ақ үй өз мүддесіне сай шешім қабылдады» десе, енді бірі «Вашингтон қару беруді тоқтату арқылы Киевті келіссөз барысында тиімсіз шартқа көндірмек» деді. Әскери сарапшылар АҚШ-тың Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты Израильге және аталған аймақтағы АҚШ базаларына көптеген қаруды жөнелткенін айтуда. Бұл Украинаға берілуі тиіс қару көлемін азайтуға әкелді дейді олар.

 

Украинаға әскери көмекті жөнелту уақытша тоқтатылған сәтте, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Путинмен телефон арқылы сөйлесті. 50 минутқа созылған әңгіме барысында Трамп Украина бойынша қандай да бір нәтижеге қол жеткізе алмағанын айтып, Путиннен көңілі қалғанын жасырмады. «Ол соғысты тоқтататын адамға ұқсамайды, ол қақтығысты аяқтауға мүдделі емес» деді Трамп. Артынша Трамп Зеленскиймен сөйлесіп, «әңгіме стратегиялық тұрғыдан өте жақсы өрбіді» деді. Украина басшысы Зеленский Трамппен өткен сөйлесу барысын «өте жақсы» деп бағалады.

 

Күні кеше АҚШ басшысы Трамп Израильдің премьері Нетаньяхумен кездесті. Кездесу барысында тілшілердің сұрағына жауап берді. Украинаға әскери көмек беру туралы Трамп былай дейді: «Олар өздерін қорғай алатын мүмкіндікке ие болуы тиіс. Оларға қазір жойқын соққы жасалып жатыр. Біз оларға көбірек қару жіберуге мүдделіміз, ең алдымен қорғанысқа қажетті қаруды жөнелтеміз», - деді.

 

Трамптың сөзінен кейін Пентагон Украинаға қару жіберуді бастағанын айтты. Wall Street journal (WSJ) басылымының жазуынша, Трамп Зеленскиймен әңгіме барысында мүмкіндігі жеткенше қару беретінін айтқан. АҚШ әзірге Украинаға Patriot кешеніне қажетті зымырандарды, HIMARS-қа қажетті снарядтарды және Stinger жүйелерін шектеулі негізде бермек. Себебі аталған қару түрінің саны аз.

 

Сарапшылар АҚШ басшысының Путинге қатысты көзқарасы өзгере бастағанын жазуда. «О баста Трамп бейбітшілікті орнатуға екі тарап та кедергі десе, ендігі таңда Трамп бейбіт келісім жасасуға Путин үлкен кедергі деп санайды» дейді The Economist басылымы.

 

Politico басылымының жазуынша АҚШ Украинаға бронды техникаларды да беруді жандандыруы мүмкін. Бұған дейін бронды техника жеткізу тоқтатылған болатын.


Mezgil.kz

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар